О внесении дополнения в приказ Министра цифрового развития, оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 мая 2019 года № 106/НҚ «Об утверждении перечня пунктов хранения материальных ценностей государственного материального резерва» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 31 мамырдағы № 106/НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы» 2019 жылғы 31 мамырдағы № 106/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18786 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесінде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 45 және 46-жолдармен толықтырылсын: « 45 «Ramazan Elevator» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі Ақ­тө­бе об­лы­сы, Ақ­тө­бе қа­ла­сы, За­вод­ская кө­ше­сі, 23 Ақ­тө­бе об­лы­сы, Ақ­тө­бе қа­ла­сы, За­вод­ская кө­ше­сі, 23 46 «Кой­ба­гар - Ұны» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі Қо­ста­най об­лы­сы, Қа­ра­су ауда­ны, Қой­ба­ғар ауы­лы, Эле­ва­тор­ная кө­ше­сі, 1 Қо­ста­най об­лы­сы, Қа­ра­су ауда­ны, Қой­ба­ғар ауы­лы, Эле­ва­тор­ная кө­ше­сі, 1 ».
Тармақ 2
2. Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электронды түрде жіберуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі