О внесении изменения в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 31 октября 2019 года № 1199 «Об утверждении натуральных норм обеспечения канцелярскими принадлежностями и другими расходными материалами работников системы Министерства финансов Республики Казахстан» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1199 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1199 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19561 болып тіркелген, 2019 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрыққа «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесінің қызметкерлерін кеңсе жабдықтарымен және басқа да шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары» деген 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі сатып алу және активтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 250 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 1199 бұйрығына 1-қосымша р/с № Ата­уы Өл­шем бір­лі­гі Пай­да­ла­ну мер­зі­мі Са­ны Қол­да­ну са­ла­сы 1 2 3 4 5 6 1. Ан­ти­степ­лер да­на 2 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке 2. Ше­ті же­лім­ді­қы­сқа жа­з­ба­ға ар­нал­ған қа­ғаз бу­ма (100 па­рақ) 1 жыл 4 РММ бас­шы­сы­на, оның орын­ба­са­ры­на, ап­па­рат бас­шы­сы­на 3. Қо­рап­та­ғы қы­сқа жа­з­ба­ға қа­ғаз қо­рап (500 па­рақ) 1 жыл 3 1 штат­тық бір­лік­ке 4. А4 қа­ға­зы бу­ма (500 па­рақ) 1 жыл 12 Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті­нің Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер бас­қар­ма­ла­ры­ның қыз­мет­кер­ле­рін қо­с­па­ған­да, 1 штат­тық бір­лік­ке* бу­ма (500 па­рақ) 1 жыл 1 бір мем­ле­кет­тік қыз­мет үшін 250 са­лық тө­ле­у­ші­ге** 5. Тес­кіш да­на 3 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке 6. Күн­де­лік да­на 2 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке 7. Қа­ғаз қы­сқыш (үл­кен) бу­ма (12 да­на) 1 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке 8. Қа­ғаз қы­сқыш (ор­та­ша) бу­ма (12 да­на) 1 жыл 2 1 штат­тық бір­лік­ке 9. Қа­ғаз қы­сқыш (кіш­кен­тай) бу­ма (12 да­на) 1 жыл 4 1 штат­тық бір­лік­ке 10. Жай қа­рын­даш да­на 1 жыл 4 1 штат­тық бір­лік­ке* 11. Кең­се (қой­ма) кі­та­бы да­на 1 жыл 2 РММ 1 құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­сіне 12. Кең­се же­лі­мі да­на 1 жыл 1 аумақ­тық бө­лім­ше­лер­ді қо­с­па­ған­да, 1 штат­тық бір­лік­ке да­на 1 жыл 2 аумақ­тық бө­лім­ше­лер­дің 1 штат­тық бір­лі­гіне 13. Кор­рек­тор да­на 1 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке 14. Өшір­гіш да­на 1 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке 15. Сыз­ғыш да­на 1 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке 16. На­уа да­на 3 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке 17. Түр­лі-тү­сті мар­кер­лер жиын­тық (4 да­на) 1 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке 18. Ор­га­най­зер жиын­тық (10 заттар) 3 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке 19. Қай­шы да­на 2 го­да 1 1 штат­тық бір­лік­ке 20. Кең­се пы­ша­ғы да­на 1 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке 21. Жү­гірт­пе-пап­ка да­на 1 жыл 6 1 штат­тық бір­лік­ке 22. «Қол қо­ю­ға» бы­л­ға­ры пап­ка­сы да­на 1 жыл 2 РММ бас­шы­сы­на, оның орын­ба­са­ры­на, ап­па­рат бас­шы­сы­на 23. Тір­ке­гіш пап­ка да­на 1 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке 24. Түй­ме­ле­рі бар А4 пла­стик кон­верт­тер да­на 1 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке* 25. Ша­рик­ті қа­лам­сап да­на 1 жыл 2 аумақ­тық бө­лім­ше­лер­ді қо­с­па­ған­да, 1 штат­тық бір­лік­ке* да­на 1 жыл 4 аумақ­тық бө­лім­ше­лер­дің 1 штат­тық бір­лі­гіне 26. Степ­лер­ге ар­нал­ған ско­ба­лар қо­рап (1000 да­на) 1 жыл 4 1 штат­тық бір­лік­ке 27. Кар­тон­нан жа­сал­ған құ­жат тігі­ле­тін пап­ка да­на 1 жыл 4 аумақ­тық бө­лім­ше­лер­ді қо­с­па­ған­да, 1 штат­тық бір­лік­ке* да­на 1 жыл 8 аумақ­тық бө­лім­ше­лер­дің 1 штат­тық бір­лі­гіне 28. Скотч да­на 1 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке 29. Кең­се қы­стыр­ғы­шы бу­ма (100 да­на) 1 жыл 2 1 штат­тық бір­лік­ке* 30. Степ­лер да­на 2 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке 31. Түр­лі-тү­сті сти­кер­лер жиын­тық (75 па­рақ) 1 жыл 2 1 штат­тық бір­лік­ке* 32. Жал­пы жа­зу дәп­те­рі да­на 1 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке 33. Қа­рын­даш ұш­та­ғыш да­на 1 жыл 1 1 штат­тық бір­лік­ке 34. Кі­рі­сті­ру - фай­лы да­на 1 жыл 10 1 штат­тық бір­лік­ке Ескертпе: *Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі жүйесіндегі қызметкерлердің жалпы тиесілік нормаларынан 10% (процент) мөлшерінде қосымша іс-шараларды өткізуге арналған резерв. Кеңсе жабдықтарын және басқа да шығыс материалдарын жіберу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысының, ведомство басшысының, аумақтық бөлімше басшысының атына жазылған өтінім бойынша (негіздерін көрсете отырып) қамтамасыз етіледі; **Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті басқармаларының қызметкерлері үшін. Кеңсе жабдықтарын және басқа да шығыс материалдарын жіберу жұмыс істейтін қызметкерлердің нақты санына беріледі. Аббревиатураның толық жазылуы: 1. РММ – Республикалық мемлекеттік мекеме; 2. р/с – рет саны.