О внесении изменения в постановление акимата Мамлютского района Северо-Казахстанской области от 31 июля 2019 года № 145 «Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Мамлютского района Северо-Казахстанской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 145 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 145 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5520 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының мәслихаты
Басқа 0. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 5 қазандағы
№ 193 қаулысына
косымша
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 31 шілдедегі
№ 145 қаулысына
косымша
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақ 1
Тармақша 1
1) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
Тармақша 2
2) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
Тармақша 3
3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
Тармақша 4
4) жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
Тармақша 5
5) халақты жұмыспен қамту орталығының ассистенті.
Тармақ 2
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
Тармақша 1
1) кітапханашы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
Тармақша 2
2) аккомпаниатор - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
Тармақша 3
3) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар;
Тармақша 4
4) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты және санаты жоқ мамандар.