О внесении изменений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 октября 2019 года № 288/НҚ «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет государственных услуг Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 288/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 288/НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап оны күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілген қызметтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2022 жылғы _______
№____ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2019 жылғы 31 қазандағы
№ 288/НҚ бұйрығымен бекітілген
«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілген қызметтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер салаcында басшылықты жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 55/5.
Тармақ 9
9. Комитеттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен, жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда бұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджет кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) мемлекеттік қызметтер көрсету және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету және «электрондық үкімет» саласындағы халықаралық ынтымақтастық;
Тармақша 5
5) өз құзыретi шегiнде Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) Комитетке жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды және қарайды;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпейді;
Тармақша 6
6) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізеді;
Тармақша 7
7) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру жөнінде ұсыныс енгізеді;
Тармақша 8
8) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;
Тармақша 9
9) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер дайындайды;
Тармақша 10
10) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдарына бұл туралы ресми сауал жолданған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсынады;
Тармақша 11
11) Комитеттің балансындағы мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттемелерді жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 2
2) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды әзірлеу;
Тармақша 3
3) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны «электрондық үкіметтің» веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 4
4) көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 5
5) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың дәйектілігін тексеру тәртібін әзірлеу;
Тармақша 6
6) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 7
7) аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін әзірлеу;
Тармақша 8
8) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 9
9) өтiнiш беруші туралы ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сәйкес келтіру тәртібін және мерзімдерді әзірлеу;
Тармақша 10
10) Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 11
11) проактивті қызметтер көрсету тәртібін әзірлеу;
Тармақша 12
12) азаматтардың дербес деректеріне қолжетімділігі бар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету процесіне қатысатын Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін тексеру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 13
13) Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 14
14) автоматтандыруға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрық әзірлеу;
Тармақша 15
15) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;
Тармақша 16
16) мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің қызметін үйлестіру;
Тармақша 17
17) электрондық түрде және (немесе) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 18
18) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызметін тексеруді жүзеге асыру;
Тармақша 19
19) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 20
20) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін және олардың көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру;
Тармақша 22
22) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
Тармақша 23
23) Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
Тармақша 24
24) электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу;
Тармақша 25
25) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 26
26) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асыру;
Тармақша 27
27) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру;
Тармақша 28
28) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша орталық мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізу;
Тармақша 29
29) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебін қалыптастыру тәртібін, ұсыну мерзімдері мен үлгілік нысандарын әзірлеу;
Тармақша 30
30) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 31
31) мемлекеттік ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 32
32) мемлекеттік ақпараттандыру объектілерінде қамтылған азаматтар мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді түзету қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 33
33) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiнде және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның төрағасының мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты Комитет төрағасы жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитет атынан өкілдік етеді;
Тармақша 3
3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 4
4) Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу оларға, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
Тармақша 5
5) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерден басқа, Комитет қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
Тармақша 6
6) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 7
7) өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Комитет төрағасы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 20
20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитет өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.