О внесении дополнений в приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 31 октября 2019 года № 288/НҚ «Об утверждении Положения республиканского государственного учреждения «Комитет государственных услуг Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
«Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы
№ 288/НҚ бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 288/НҚ бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 32-1) және 32-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«32-1) Ұлттық пошта операторының ауылдық елдімекендерде көрсететін мемлекеттік қызметтері бойынша шығындарды өтеу қағидаларын әзірлеу;
32-2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйені сүйемелдеуді ұйымдастыру;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап оны күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.