О внесении изменения и дополнений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 31 мая 2019 года № 407 «Об утверждении Инструкции по оценке служебной деятельности местных органов военного управления» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 407 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 407 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18800 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті әскери басқару органдарының қызметтік істерін бағалау жөніндегі нұсқаулықта: 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Есепке алу-әскерге шақыру жұмысының жай-күйін айқындау кезінде: 1) азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау; 2) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру; 3) запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру; 4) азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу; 5) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу; 6) азаматтарды бастапқы әскери даярлау; 7) азаматтарды әскери-техникалық мектептерде даярлау; 8) әскерге шақыру ресурстарын есепке алу; 9) әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыс және құқық қорғау органдарына жолданған материалдар бағаланады.»; 2-тарау мынадай мазмұндағы 9-параграфпен толықтырылсын: «9-параграф. Әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыс және құқық қорғау органдарына жолданған материалдар». 25-1. Әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыс және құқық қорғау органдарына жолданған материалдар қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен басқармаларда (бөлімдерде) мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады: 1) құжаттарды толық және сапалы пысықтау: «өте жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Жоспарланған іс-шаралар мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан жалтарған адамдарды уақтылы іздестіру жөніндегі жұмысқа бағытталған; «жақсы» – жоспарлау құжаттары әзірленген және қолда бар. Мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жоспарланған іс-шаралар уақтылы жүргізілмейді; «қанағаттанарлық» – жоспарлау құжаттары мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмысты уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етпейді; «қанағаттанарлықсыз» – жоспарлау құжаттары жоқ, құқық қорғау органдарына жолданған материалдардың уақтылы және сапалы орындалуын бақылау жүзеге асырылмайды; 2) материалдар құқық қорғау органдарына жолданған: «өте жақсы» – 100 %; «жақсы» – 80 %; «қанағаттанарлық» – 70 %; «қанағаттанарлықсыз» – 50 %-тен аз. 25-2. Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармаларда (бөлімдерде) әскерге шақырудан жалтарған адамдарды іздестіру жөніндегі жұмыстың және құқық қорғау органдарына жолданған материалдардың өлшемшарты үшін бағалау: «өте жақсы» – екінші өлшемшарт «өте жақсы», біріншісі «өте жақсы» немесе «жақсы» деп бағаланған кезде; «жақсы» – екінші өлшемшарт «жақсы», біріншісі «өте жақсы» немесе «жақсы» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлық» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлық» деп бағаланған кезде; «қанағаттанарлықсыз» – бір өлшемшарт «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған кезде.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.