О внесении изменения в приказ Первого заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан – Министра финансов Республики Казахстан от 31 мая 2019 года № 521 «Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым государственные закупки осуществляются способом конкурса с предварительным квалификационным отбором» Күшін жойған
Басқа 0
«Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізімінде № 18768 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 17 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Тармақ 2
2. 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Тізбе осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда қолданылады деп белгіленсін.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 2-тармағын қоспағанда,
2020 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы « »________
№ бұйрығына
1 - қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 521 бұйрығымен
бекітілген
№
Атауы
1.
Құрылыс-монтаждау жұмыстары
2.
Құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын жұмыстар
3.
ЖиҺаз өнімі
4.
Жеңіл өнеркәсіп тауарлары
5.
Сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімі тізіліміне енгізілген бағдарламалық қамтамасыз ету және электрондық өнеркәсіп өнімдері санаттарына жататын тауарлар (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышына сәйкес)
6.
Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер
7.
Жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа)
8.
Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер
9.
Оқшауланғансымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқоқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жекеқабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер
Ескертпе:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының2015 жылғы4 желтоқсандағыЗаңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілікті іріктей отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Осы тізбенің 3-9 – тармақтары бойынша алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілер мұндай мемлекеттік сатып алуды Заңның 13-бабында айқындалған өзге де тәсілдермен жүзеге асыруға құқылы.
Басқа 2
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы « »_________
№ ___ бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы 31 мамырдағы
№ 521 бұйрығымен
бекітілген
№
Атауы
1.
Жиһаз өнімдері
2.
Жеңіл өнеркәсіп тауарлары
3.
Сенім білдірілген бағдарламалық қамтамасыз етудің және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген, бағдарламалық қамтамасыз етуге және электрондық өнеркәсіп өнімінің санатына (ақпараттандыру объектілерінің сыныптауыштарына сәйкес) жататын тауарлар
4.
Ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жөніндегі қызметтер
5.
Жеңiл автомобильдер және жүк-жолаушы автомобильдер-фургондарды және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясының моторлы көлік құралдарынан басқа)
6.
Электр трансформаторлары, статикалық электр өзгерткіштері, түзеткіштер, индуктивтілік орауыштар және дроссельдер
7.
Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; олардың электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен бірге болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабыршағы бар талшықтардан құралған талшықты-оптикалық кабельдер
Ескертпе:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 4 желтоқсандағыЗаңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес олар бойынша мемлекеттік сатып алу алдын ала біліктілікті іріктей отырып конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу Заңның 39-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Алдын ала біліктілік іріктеуі бар конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілер мұндай мемлекеттік сатып алуды Заңның 13-бабында айқындалған өзге де тәсілдермен жүзеге асыруға құқылы.