О внесении изменения в постановление акимата Костанайской области от 31 марта 2020 года № 125 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения Костанайской области» Қолданыста
Басқа 0
«Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 125 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 125 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9107 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қостанай облысының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:
реттік нөмірі 1112-жол алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі