О внесении изменения в решение Жетысайского районного маслихата от 31 декабря 2020 года № 41-219-VІ «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Жетысайского района» Күшін жойған
Басқа 0
Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 41-219-VI «Жетісай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жетісай аудандық мәслихатының «Жетісай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 41-219-VI (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №6019 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген, Жетісай ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
9-тармақтың 6) тармақшасы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақша 6
«6) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша мүгедектерге қоларбамен қамтамасыз етуге:
серуендеуге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 60 айлық есептік көрсеткіш;
бөлмеге арналған қоларбаға әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 40 айлық есептік көрсеткіш;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.