О внесении изменения в решение Жетысайского районного маслихата от 31 декабря 2020 года № 41-220-VІ «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Жетысайском районе» Күшін жойған
Басқа 0
Жетісай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 41-220-VI «Жетісай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жетісай аудандық мәслихатының «Жетісай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №41-220-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6013 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
Жетісай ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің 6 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
Тармақ 6
«6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінеді.
Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.