О внесении изменения в решение Кокпектинского районного маслихата от 31 марта 2020 года № 45-6/2 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Кокпектинском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 45-6/2 «Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Көкпекті аудандық мәслихатының «Көкпекті ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6896 болып тіркелген) 2020 жылғы 31 наурыздағы № 45-6/2 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында: 1-тармақтың бесінші абзацы келесі редакцияда жазылсын: «Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 10 (он) пайыз мөлшерінде.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.