О признании утратившим силу совместного приказа Министра финансов Республики Казахстан от 31 марта 2021 года № 278 и Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 31 марта 2021 года № 85 «Об утверждении Правил представления уполномоченным органом в области культуры сведений по физическим лицам, владеющим материальными культурными ценностями, имеющими особое значение для истории и культуры страны и включенными в Государственный реестр объектов национального культурного достояния» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Мәдениет саласындағы уәкілетті орган елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 278 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 85 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Мәдениет саласындағы уәкілетті орган елдің тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар және Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген материалдық мәдени құндылықтарға ие жеке тұлғалар жөніндегі мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 278 және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 85 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.