О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 мая 2021 года № 358 «Об утверждении Правил осуществления проектного управления» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 358 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 43-1-бабының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»; көрсетілген қаулымен бекітілген Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 43-1-бабының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін қоспағанда, мемлекеттік органдардың қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.».
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.