О признании утратившим силу совместного приказа Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 31 марта 2021 года № 97 и Министра финансов Республики Казахстан от 31 марта 2021 года № 279 «Об утверждении Правил, срока и формы представления центральным исполнительным органом, осуществляющим руководство, а также в пределах, предусмотренных законодательством Республики Казахстан, межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения, сведений по лицам, получающим социа Қолданыста
Басқа 0
«Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері бойынша, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 97 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 279 бірлескен бұйрықтың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Тармақ 1
1. «Халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның әлеуметтік жәрдемақылар алатын адамдар және оларға төленетін жәрдемақылардың мөлшері бойынша, сақтандыру ұйымдарынан төленетін зейнетақы төлемдерін қоспағанда, зейнетақы төлемдерін алатын адамдар және олардың мөлшері бойынша мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімін және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 97 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 279 бірлескен бұйрықтың күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бірлескен бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.