О внесении изменения в решение Северо-Казахстанского областного маслихата от 31 августа 2022 года № 20/8 «Об утверждении размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения по Северо-Казахстанской области» Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы № 20/8 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» 2022 жылғы 31 тамыздағы № 20/8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29410 болып тіркелген) мына өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын: «1. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшері: 1) ауызсуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін – 80 теңге; 2) ауызсуды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін – 100 теңге бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.