О признании утратившим силу решения Северо-Казахстанского областного маслихата от 31 августа 2022 года № 20/8 «Об утверждении размера платы за один кубический метр поданной питьевой воды населению из особо важных групповых и локальных систем водоснабжения, являющихся безальтернативными источниками питьевого водоснабжения по Северо-Казахстанской области» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы № 20/8 «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы № 20/8 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29410 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.