О внесении изменений в решение Осакаровского районного маслихата от 31 октября 2023 года № 12/110 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления её размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 қазандағы №12/110 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Аудандық маслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2023 жылғы 31 қазандағы № 12/110 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6511-09 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
7-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«4) Осакаров ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын мүгедектігі бар балалар және балалары бар көп балалы отбасыларға жартыжылдықта бір рет 50% мөлшерінде ата-ана жарналарына шығындарды өтеуге;»;
7-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңның 3 -бабының 1 тармағына сәйкес ардагерлерге табыстарын есепке алмай, жылына бір рет, 14 күннен аспайтын санаторий-курорттық емдеуге мүгедектігі бар адамдар үшін белгіленген санаторий-курорттық емдеуге кепілдендірілген сомасынан аспайтын жұмсалған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек көрсету;
мүгедектігі бар балалардың ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне және бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдармен еріп жүретін адамдарға санаторий-курорттық емдеуге жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынбай, бір рет санаторлық-курорттық емдеу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың 70 (жетпіс) пайызы мөлшерінде.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.