О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Атырауской области от 31 октября 2023 года № 212 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление сельского хозяйства и земельных отношений Атырауской области» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 212 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Атырау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 212 «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: қосымшада: көрсетілген қаулымен бекітілген «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастарыбасқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде: 14-тармақта: 54) тармақша алынып тасталсын; 99-14) және 99-15) тармақшалар келесі редакцияда мазмұндалсын: «99-14) аквашаруашылық саласындағы инвестициялық салымдар бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялайды; 99-15) аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялайды;»; келесі мазмұндағы 99-16) және 99-17) тармақшаларымен толықтырылсын: «99-16)аквашаруашылық саласында су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялайды; 99-17) аквашаруашылық саласында техника мен технологиялық жабдық сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялайды;».
Тармақ 2
2. «Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастарыбасқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.