О внесении изменения в приказ и.о. Министра обороны Республики Казахстан от 31 марта 2023 года № 267 «Об утверждении Правил финансирования и материально-технического обеспечения мер государственной защиты органами военного управления» Қолданыста
Басқа 0
«Әскери басқару органдарының мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы
31 наурыздағы № 267 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Әскери басқару органдарының мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 267 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32222 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери басқару органдарының мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қағидаларында:
4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қорғалатын адамға тұрғын үйді жалдау (жалға алу) қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ағымдағы тұрғын үй төлемі есептеледі.».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33059 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастығына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.