О внесении изменений и дополнения в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 31 мая 2023 года № 3-10 «Об утверждении Правил создания, содержания и охраны зеленых насаждений населенных пунктов Западно-Казахстанской области» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3-10 «Батыс Қазақстан облысындағы елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 31 мамырдағы № 3-10 «Батыс Қазақстан облысындағы елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Батыс Қазақстан облысындағы елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларында: 4-тараудың тақырыбы келесі редакцияда жазылсын: «4-тарау. Жасыл екпелерді құру, күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар»; 26-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «26. Жасыл екпелерді құру, күтіп ұстау және қорғау өзара байланысты жұмыстардың мынадай кешендеріне бөлінеді: 1) ағаштарды, бұталарды, көпжылдық гүлдер мен бұталы қоршауды үш жылдық күтіммен (қажет болса топырақты ауыстыру арқылы) отырғызу; 2) бір жылдық гүлзарлар мен көгалдардың құрылысы; 3) ағаштарды кесу, қайта отырғызу; 4) үш жылдық күтімімен ағаштарды өтемдік отырғызу; 5) жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету); 6) жасыл екпелерді мониторингтеу, түгендеу.»; келесі редакциядағы 26-1-тармақпен толықтырылсын: «26-1. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау (жасыл екпелерді күту және оларға қызмет көрсету) келесіні қамтиды: ағаштардың діңгек қуысын орнатумен және оларды қопсыту және арамшөптерден тазарту; ағаш діңін ақтау; бұталы қоршауды кесу, ағаштардың діңін көтеру, өскінді алып тастау; шөп шабу, арамшөптерді жою; жасыл екпелерді қымтау (ағаштар, бұталар, көпжылдық гүлдер); бүкіл вегетациялық кезеңде жасыл екпелерді суару; ағаш тәжін тәждеу; ағаштардың тәжін қалыптастыру; қаңқа және жартылай қаңқа бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне сүйене отырып жасартатын кесу; апатты, қураған ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу, діңгектерді тамырымен жұлу; тыңайтқыштарды қолдану; жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күресу; қуыстарды тазалау және пломбалау, аралау орындарын өңдеу.»; 38-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «38. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді.»; 57-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «57. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жасыл екпелер заңсыз жойылған (кесілген) не олардың құрып кетуіне алып келген бүлінген жағдайда – бір жүз еселенген мөлшерде жүзеге асырылады.»; 58-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «58. Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесіне келтірілген залалдың мөлшерін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 23 ақпандағы № 61 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерлерін есептеуге арналған базалық ставкаларға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31997 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелері есептейді.»; Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың қағидаларына 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2026 жылғы 4 маусымдағы № 25-2 шешіміне қосымша Жасыл екпелерді күтіп- ұстаудың және қорғаудың қағидаларына 2-қосымша Нысан Жасыл екпелерді зерттеп-қарау актісі 20__жыл «___» ___________ Р/с № Жасыл екпелердің табиғи құрамы Сақталады Кесуге рұқсат Рұқсатсыз кесу да­на жа­сы, жыл дің диа­мет­рі, см да­на жа­сы, жыл дің диа­мет­рі, см да­на жа­сы, жыл дің диа­мет­рі, см 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 2 Барлығы: Қорытынды Кестенің жалғасы Қайта отырғызу, тамырын қопарып қазу (жасарту) Санитариялық кесу Сапалық (нақты жай-күйі) За­лал­ды өтеу мөл­ше­рі, бір­лік За­лал­ды өтеу мөл­ше­рі бой­ын­ша­за­лал­дың со­ма­сы Өтемдік қалпына келтіру, дана да­на жа­сы, жыл дің диа­мет­рі, см да­на жа­сы, жыл дің диа­мет­рі, см ай­лық есеп­тік көр­сет­кіш тең­ге 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 Осы акт _______ данада жасалды. Ескертпе: Зерттеп-қарау актісі жасыл екпелерді кесуге немесе қайта отырғызуға құқық беретін құжат болып табылмайды. Жеке немесе заңды тұлғаның өкілі ___________________________ қолы (Т.А.Ә.) (мөрі бар болса) Уәкілетті органның лауазымды адамы ________________________ қолы (Т.А.Ә.) (мөрі бар болса) Аббревиатуралардың шешуі: Р/с – реттік саны; см – сантиметр; Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты.