О внесении изменения в приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 31 декабря 2024 года № 255 «Об утверждении Правил определения юридического лица, обеспечивающего функционирование единой системы учета, и предъявляемых к нему квалификационных требований» Қолданыста
Басқа 0
«Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 255 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 255 бұйрығына (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 35607 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға қойылатын біліктілік талаптарында:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде төлем қызметтерін көрсетуге арналған есептік тіркеуден өту;».
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін мен лотереяны реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде олардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетектішік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарын жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және цифрлық даму
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі