О внесении изменения в постановление акимата Айыртауского района Северо-Казахстанской области от 31 октября 2024 года № 432 «Об определении порядка и условий установления стимулирующих надбавок к должностным окладам работников организаций, финансируемых из местного бюджета Айыртауского района Северо-Казахстанской области» Қолданыста
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 432 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы «Құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Айыртау ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 432 «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген қаулыға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттарына 6-қосымшамен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақша 3
3) Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақша 4
4) Осы қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы мәслихатының төрағасы
________________Г. Әбілқайырова
«___»__________2026 ж.
Басқа 7. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің С (әкімшілік персонал), D (Қосалқы персонал) және жұмысшылар (біліктілік разряды) блоктарына жататын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық
айлықақыларына ынталандырушы
үстемеақылар белгілеудің тәртібі
мен шарттарына қосымша
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық
айлықақыларына ынталандырушы
үстемеақылар белгілеудің тәртібі
мен шарттарына 6-қосымша
«Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің С (әкімшілік персонал), D (Қосалқы персонал) және жұмысшылар (біліктілік разряды) блоктарына жататын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар
№ р/р
Лауазымдардың толық жазылуы (атауы)
Лауазымдық жалақыға үстемеақы
1
Жүргізуші
100%
2
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер
50%
3
Кадрлар жөніндегі инспектор
50%
4
Заңгер
50%
5
Күзетші
50%
6
Тазалықшы
50%
7
Аула тазалаушы
50%