О внесении изменений в решение Егиндыкольского районного маслихата от 31 января 2024 года № 8С16-2 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Егиндыкольского района» Қолданыста
Басқа 0
«Егіндікөл ауданының әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту
туралы» Егіндікөл аудандық мәслихатының
2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8C16-2
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Егіндікөл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Егіндікөл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 8C16-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692-03 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1-қосымшада:
2-тараудың 11-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын;
«дүлей зілзала немесе өрт салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) үш айдан кешіктірмей бір мезгілде 100 ( бір жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
2-тараудың 11-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктері, адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған ауруы) бар адамдарға жылына 1 рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік оң күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.