О внесении изменений в приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 31 марта 2025 года № 127-НҚ «Об утверждении правил по ведению реестра учета волонтерской деятельности» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 127-НҚ бұйрығына өзгерістерді енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің «Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» 2025 жылғы 31 наурыздағы № 127-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35906 тіркелген) бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 84) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу қағидаларында: 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 84) тармақшасына сәйкес әзірленді және волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды». 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады: 1) волонтер – волонтерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға; 2) волонтерлер тобы – Заңда белгіленген нормалар қолданылатын, волонтерлік қызметті бірлесіп жүзеге асыру мақсатында құрылған жеке тұлғалардың тіркелмеген ерікті қоғамдастығы; 3) волонтерлерді үйлестіруші – волонтерлерді үйлестірушіні волонтерлік қызметті ұйымдастырушы немесе волонтерлік бағдарламаны (жобаны) немесе волонтерлік акцияны іске асыруға жауапты волонтерлік ұйым тағайындайды не волонтерлер тобының құрамына кіретін волонтерлер өздерінің арасынан сайлайды; 4) волонтерлік акция – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын нақты әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндетті шешуге бағытталған іс-шара; 5) волонтерлік бағдарлама (жоба) – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын іс-шаралар мен күтілетін нәтижелер көрсетіле отырып, әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге бағытталған жүйелі шаралар кешені; 6) волонтерлік қызмет – өтеусіз негізде жүзеге асырылатын, әлеуметтік бағыттағы ерікті, ерік қалауымен орындалатын қоғамдық пайдалы қызмет; 7) волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – волонтерлік қызмет саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 8) волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызметті үйлестірушілер мен ұйымдастырушылар, волонтерлік бағдарламалар (жобалар), волонтерлік акциялар, олардың өткізілу орны мен уақыты, оларды өткізуге қойылатын талаптар туралы мәліметтер қамтылған деректер тізілімі; 9) волонтерлік қызметті ұйымдастырушы – волонтерлерді өзі дербес не волонтерлік ұйымдар арқылы тартатын орталық және жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, өзге де ұйымдар, сондай-ақ жеке тұлғалар; 10) волонтерлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған және волонтерлік қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым (діни бірлестіктерді, тұтыну кооперативтерін, сондай-ақ саяси партиялар немесе кәсіптік одақтар нысанындағы қоғамдық бірлестіктерді қоспағанда).»; көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты оның ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикаcының Оқу-ағарту министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикаcының Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
Басқа 1. Волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне қосу туралы өтініш
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі 2026 жылғы 23 шілдедегі № 354-НҚ бұйрыққа қосымша Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу жөніндегі Қағидаларына 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/ интернет – ресурста орналастырылған Әкімшілік нысанның атауы: Волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне енгізу үшін өтініш Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (қысқаша әріптік-сандық өрнек форманың атауы): ВҚЕТ-1 Жиілік: қажеттілігіне қарай (тізілімге енгізу үшін) Есепті кезең: қажеттілігіне қарай (тізілімдегі мәліметтер өзгерген жағдайда) Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлік ұйымдары, волонтерлік үйлестірушілері және волонтерлік қызметін ұйымдастырушылар Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: қажеттілігіне қарай (тізілімге енгізу үшін және тізілімдегі мәліметтер өзгерген жағдайда) ЖСН/БСН (жеке тұлғалар деректерді ұсынған жағдайда, сондай-ақ жиынтық түрде толтырылмайды) Жинау әдісі: электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде volunteer@mki.gov.kz электрондық поштаға ұсынылады Волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне қосу туралы өтініш __________________________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне қосуды сұраймын (волонтер, волонтерлер тобы, волонтерлер ұйымдары, волонтерлер қызметін үйлестіруші және ұйымдастырушы) (қажеттінің астын сызу). Волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне қосу үшін қажетті заңмен қорғалатын құпияны құрайтын менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Жалған мәліметтер немесе қолдан жасалған құжаттар ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы ескертілді. Байланыс телефоны __________________________ Электрондық пошта __________________________ Толтырылған күні: 20___ жылғы «__» ___________ ____________________________________________ (қолы) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) Мөр орны (бар болған кезде) Волонтер сауалнамасы 1 Т.А.Ә. (ол болған жағ­дай­да) 2 Ту­ған жы­лы 3 Тұр­ғы­лық­ты же­рі 4 ЖСН 5 Во­лон­тер­лік қыз­мет­те­гі тә­жі­ри­бе­сі 6 Бай­ла­ны­стың қай тү­рі сіз­ге ың­ғай­лы 7 Те­ле­фон, элек­трон­дық по­шта, болған жағ­дай­да: Web-сайт, Instagram, WhatsApp 8 Во­лон­тер­лік қыз­мет­ті іс­ке асы­ру ту­ра­лы ақ­па­рат 9 Қа­зір­гі уа­қыт­та сіз қа­ты­сып жүр­ген негіз­гі қыз­мет түр­ле­рін таң­да­ңыз 9.1 әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге, әле­умет­тік қор­ғал­ма­ған тұр­ғын­дар­ға, өмір­лік қиын жағ­дай­ға қал­ған ба­ла­лар­ға кө­мек көр­се­ту­ге қа­ты­су 9.2 қарт­тар­ға, мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту, мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар үшін ор­та­ның қол­же­тім­ді­лі­гін ұй­ым­да­сты­ру, же­тім ба­ла­лар­ды және ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған ба­ла­лар­ды әле­умет­тік бей­ім­деу, ин­те­гра­ци­я­лау және тәр­би­е­леу жө­нін­де­гі жұ­мысқа жәр­дем­де­су 9.3 дү­лей зі­л­за­ла­лар, эко­ло­ги­я­лық, тех­но­ген­дік және бас­қа да апат­тар, әле­умет­тік ши­е­ле­ні­стер, жа­за­тай­ым оқи­ға­лар сал­да­ры­нан за­рдап шек­кен адам­дар­ға, құқық бұ­зу­шы­лық­тар құр­бан­да­ры­на, бо­сқын­дар­ға және ша­ра­сыздан қо­ныс ауда­ру­шы­лар­ға, сон­дай-ақ сырт­тан жа­са­ла­тын кө­мек пен қол­да­у­ға мұқ­таж адам­дар­дың өзге де са­нат­та­ры мен топ­та­ры­на кө­мек көр­се­ту­ге қа­ты­су 9.4 ор­та­лық және жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры­на тө­тен­ше жағ­дай­лар­дың ал­дын алу және сал­дар­ла­рын жо­ю­ға жәр­дем көр­се­ту 9.5 ха­бар­сыз кет­кен адам­дар­ды, Ұлы Отан со­ғы­сы мен оқ­шау со­ғы­стар­ға қа­ты­су­шы­лар­дың сүй­ек­те­рін із­де­у­ге қа­ты­су 9.6 қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау­ға және сақ­та­у­ға, аумақ­тар­ды абат­тан­ды­ру­ға қа­ты­су 9.7 та­ри­хи және мә­де­ни мұ­ра­ны сақ­тау, та­ри­хи-мә­де­ни ме­кен­деу ор­та­сын қал­пы­на кел­ті­ру мен сақ­тау үшін мүм­кін­дік­тер жа­са­у­ға қа­ты­су 9.8 бі­лім бе­ру­ді, ғы­лым­ды, мә­де­ни­ет­ті да­мы­ту­ға, бі­лім­ді та­ны­мал ету­ге, ин­но­ва­ци­я­лар­ды да­мы­ту­ға қа­ты­су 9.9 дене шы­нық­ты­ру­ды, спорт пен бел­сен­ді де­ма­лы­сты да­мы­ту мен та­ны­мал ету­ге, өңір­лік, өңі­ра­ра­лық, рес­пуб­ли­ка­лық қо­ғам­дық және ха­лы­қа­ра­лық дене шы­нық­ты­ру және спорт­тық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру мен өт­кізу­ге қа­ты­су 9.10 са­ла­мат­ты өмір сал­тын на­си­хат­тау бой­ын­ша жұ­мыс жүр­гі­зу, әле­умет­тік мәні бар ау­ру­лар­дың та­ра­луы­на қар­сы іс-қи­мыл жө­нін­де­гі про­фи­лак­ти­ка­лық жұ­мысты ұй­ым­да­сты­ру және жүр­гі­зу 9.11 егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да өзге­ше бел­гi­лен­бе­се, во­лон­тер­лік ла­герь­лер қыз­ме­тін қо­са ал­ған­да, өңір­лік, өңі­ра­ра­лық, рес­пуб­ли­ка­лық және ха­лы­қа­ра­лық мә­де­ни, бұ­қа­ра­лық және бас­қа да ой­ын-са­уық және қо­ғам­дық іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру мен өт­кізу­ге қа­ты­су, ар­хео­ло­ги­я­лық қаз­ба­лар­ға, та­ри­хи ғи­ма­рат­тар­дың қа­с­бет­те­рін қал­пы­на кел­ті­ру­ге, мүм­кін­ді­гі шек­те­улі ба­ла­лар­ға ар­нал­ған жаз­ғы са­уық­ты­ру ла­герь­ле­рі­нің жұ­мысы­на, кон­гресс-көр­ме қыз­ме­тіне қа­ты­су 9.12 ха­лық­тар ара­сын­да­ғы та­тулық­ты, до­стық пен ке­лі­сім­ді ны­ғай­ту­ға, әле­умет­тік, ұл­та­ра­лық, кон­фес­си­яа­ра­лық, эт­но­са­ра­лық, ді­ни ши­е­ле­ні­стер­ді бол­ғы­з­ба­у­ға қа­ты­су 9.13 во­лон­тер­лік қыз­мет­тің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сы­на қай­шы кел­мей­тін өзге де түр­ле­рі (нақ­ты тү­рін/түр­ле­рін көр­се­ті­ңіз) 10 Во­лон­тер ре­т­ін­де­гі өз рө­лі­ң­із­ді қы­сқа­ша си­паттап бе­рі­ңіз? 10.1 1) өз са­ла­сын­да кә­сіп­қой ма­ман 2) бас­шы/көш­бас­шы 3) ме­не­джер 4) жат­тық­ты­ру­шы/оқы­ту­шы 5) ло­ги­стик 6) хат­шы 11 Сіз үшін во­лон­тер­лік қыз­мет қай уа­қыт­та қо­лай­лы? 11.1 1) ең­бек де­ма­лы­сы/ ка­ни­кул уа­қы­тын­да 2) ме­ре­ке күн­де­рі 3) жаз­ғы уа­қыт­та 4) бас­қа уа­қыт­та Волонтерлер тобының сауалнамасы 1 Во­лон­тер­лер то­бы бас­шы­сы­ның Т.А.Ә. (ол болған жағ­дай­да) 2 Ту­ған жы­лы 3 Тұр­ғы­лық­ты же­рі 4 ЖСН 5 Во­лон­тер­лер то­бы бас­шы­сы­ның во­лон­тер­лік қыз­мет­те­гі тә­жі­ри­бе­сі 6 Во­лон­тер­лер то­бы­ның ті­зі­мі (Т.А.Ә. (ол болған жағ­дай­да)) 1. 2. 3. 7 Телефон, электрондық пошта, болған жағдайда: Web-сайт, Instagram, WhatsApp 8 Волонтерлік қызметті іске асыру туралы ақпарат 9 Қазіргі уақытта волонтерлер тобы қатысатын негізгі қызмет түрлерін таңдаңыз 9.1 әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу 9.2 қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу 9.3 дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу 9.4 орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жоюға жәрдем көрсету 9.5 хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу 9.6 қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу 9.7 тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу 9.8 білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу 9.9 дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу 9.10 саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу 9.11 егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу 9.12 халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу 9.13 волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері (нақты түрін/түрлерін көрсетіңіз) Волонтерлік ұйымның сауалнамасы 1 Ұйымның атауы 2 Тіркеу (қайта тіркеу) күні 3 БСН 4 Телефон, электрондық пошта, болған жағдайда: Web-сайт, Instagram, WhatsApp 5 Ұйым басшысы туралы ақпарат 6 Ұйым басшысының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) 7 Ұйымдағы волонтерлер саны 8 Ұйымның негізгі қызмет түрлерін таңдаңыз 8.1 әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу 8.2 қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу 8.3 дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу 8.4 орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жоюға жәрдем көрсету 8.5 хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу 8.6 қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу 8.7 тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу 8.8 білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу 8.9 дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу 8.10 саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу 8.11 егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу 8.12 халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу 8.13 волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері (нақты түрін/түрлерін көрсетіңіз) Волонтерлер үйлестірушісінің сауалнамасы 1 Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) 2 Туған жылы 3 Тұрғылықты жері 4 ЖСН 5 Волонтерлік қызметтегі жұмыс тәжірибесі 6 Волонтерлер үйлестірушісі ретіндегі жұмыс тәжірибесі 7 Телефон, электрондық пошта, болған жағдайда: Web-сайт, Instagram, WhatsApp 8 Қазіргі уақытта сіз қатысып жүрген негізгі қызмет түрлерін таңдаңыз: 8.1 әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу 8.2 қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу 8.3 дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу 8.4 орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жоюға жәрдем көрсету 8.5 хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу 8.6 қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу 8.7 тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу 8.8 білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу 8.9 дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу 8.10 саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу 8.11 егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу 8.12 халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу 8.13 волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері (нақты түрін/түрлерін көрсетіңіз) 9 Сіз қанша волонтерді үйлестіресіз? Волонтерлер ұйымдастырушысының сауалнамасы 1 Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) 2 Туған жылы 3 Тұрғылықты жері 4 ЖСН 5 Ұйымдастырушы туралы ақпарат (заңды тұлға үшін) 6 Ұйымның атауы 7 Тіркеу (қайта тіркеу) күні 8 БСН 9 Телефон, электрондық пошта, болған жағдайда: Web-сайт, Instagram, WhatsApp 10 Негізгі қызмет түрлерін таңдаңыз 10.1 әлеуметтік қызмет көрсетуге, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындарға, өмірлік қиын жағдайға қалған балаларға көмек көрсетуге қатысу 10.2 қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу 10.3 дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу 10.4 орталық және жергілікті атқарушы органдарына төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарларын жоюға жәрдем көрсету 10.5 хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу 10.6 қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу 10.7 тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу 10.8 білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу 10.9 дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу 10.10 саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу 10.11 егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу 10.12 халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу 10.13 волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері (нақты түрін/түрлерін көрсетіңіз) Волонтерлік бағдарлама (жоба) 1 Бағдарламаның (жобаның) атауы 2 Бағдарламаны (жоба) ұйымдастырушы 3 Бағдарлама (жоба) мақсаты 4 Негізгі міндеттер 5 Бағдарламаны (жобаны) іске асыру әдістері 6 Күтілетін нәтижелер 7 Бағдарламаның (жобаның) атаулы тобы 8 Бағдарламаға (жобаға) қатысушылар саны 9 Бағдарламаны (жобаны) іске асыру мерзімдері 10 Бағдарламаны (жобаны) өткізу орны мен уақыты 11 Бағдарламаны (жобаны) ұйымдастырушылар тарапынан бағдарламаны (жобаны) өткізуге қойылатын талаптар 12 Волонтерге, волонтерлер тобына, үйлестірушіге ұсынылатын жұмыс Волонтерлік акция 1 Атауы 2 Ұйымдастырушы 3 Мақсаты 4 Негізгі міндеттер 5 Күтілетін нәтижелер 6 Нысаналы топ 7 Қатысушы волонтерлер саны 8 Өткізу күні мен уақыты 9 Өткізу орны 10 Ұйымдастырушы тарапынан өткізуге қойылатын талаптар 11 Ұзақтылығы/ кезеңділігі 12 Волонтерге, волонтерлер тобына, үйлестірушіге ұсынылатын жұмыс
Басқа 1.1. «Волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне енгізу үшін өтініші» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмесі (бұдан әрі - нысан) (ВҚЕТ-1, қажеттілігіне қарай (тізілімге енгізу үшін және тізілімдегі мәліметтер өзгерген жағдайда)
«Волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне енгізу үшін өтініші» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның қосымшасы «Волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне енгізу үшін өтініші» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмесі (бұдан әрі - нысан) (ВҚЕТ-1, қажеттілігіне қарай (тізілімге енгізу үшін және тізілімдегі мәліметтер өзгерген жағдайда) Осы әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме «Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімі» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды. Волонтерлік қызметті есепке алу тізіліміне енгізуге өтінішті толтыру кезінде волонтердің, волонтерлер тобының, волонтерлік ұйымның, волонтерлер үйлестірушісінің, волонтерлер ұйымдастырушысының, волонтерлік бағдарламаның (жобаның), волонтерлік акциясының сауалнамалары ұсынылады. Волонтер сауалнамасы келесідей толтырылады: 1 жолда өтініш берушінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) көрсетіледі; 2 жолда өтініш берушінің туған жылы көрсетіледі; 3 жолда өтініш берушінің тұрғылықты жері көрсетіледі; 4 жолда өтініш берушінің ЖСН көрсетіледі; 5 жолда волонтердің жұмыс тәжірибесі көрсетіледі; 6 жолда байланыс тәсілі көрсетіледі; 7 жолда телефон, электрондық мекенжай, болған жағдайда: WEB-сайт, Instagram, WhatsApp көрсетіледі; 8 жолда ештеңе толтырылмайды; 9 жолда ештеңе толтырылмайды; 9.1-9.13 жолдарда сіз қазіргі уақытта қатысатын негізгі қызмет түрлерін таңдауыңыз керек; 10 жолда ештеңе толтырылмайды; 10.1 жолда волонтер ретінде сіздің рөліңізді таңдау керек; 11 жолда ештеңе толтырылмайды; 11.1 жолда сізге волонтер болу ыңғайлы болған кезді таңдау керек. Волонтерлер тобының сауалнамасы келесідей толтырылады: 1 жолда волонтерлер тобы басшысының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) көрсетіледі; 2 жолда волонтерлер тобы басшысының туған жылы көрсетіледі; 3 жолда волонтерлер тобы басшысының тұратын жері көрсетіледі; 4 жолда волонтерлер тобы басшысының ЖСН көрсетіледі; 5 жолда волонтерлер тобы басшысының волонтерлік қызметіндегі жұмыс тәжірибесі көрсетіледі; 6 жолда волонтерлер тобының тізімі көрсетіледі (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)); 7 жолда телефон, электрондық мекенжай, болған жағдайда: WEB-сайт, Instagram, WhatsApp көрсетіледі; 8 жолда ештеңе толтырылмайды; 9 жолда ештеңе толтырылмайды; 9.1-9.13 жолдарда қазіргі уақытта волонтерлер тобының қатысатын негізгі қызмет түрлерін таңдау қажет. Волонтерлік ұйымының сауалнамасы келесідей толтырылады: 1 жолда ұйымның атауы көрсетіледі; 2 жолда ұйымның тіркелген (қайта тіркелген) күні көрсетіледі; 3 жолда ұйымның БСН көрсетіледі; 4 жолда телефон, электрондық мекенжай, болған жағдайда: WEB-сайт, Instagram, WhatsApp көрсетіледі; 5 жолда ештеңе толтырылмайды; 6 жолда ұйым басшысының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) көрсетіледі; 7 жолда ұйымдағы волонтерлер саны көрсетіледі; 8 жолда ештеңе толтырылмайды; 8.1-8.13 жолдарда ұйымның негізгі қызмет түрлерін таңдау қажет. Волонтерлер үйлестірушісінің сауалнамасы келесідей толтырылады: 1 жолда үйлестірушінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) көрсетіледі; 2 жолда үйлестірушінің туған жылы көрсетіледі; 3 жолда үйлестірушінің тұратын жері көрсетіледі; 4 жолда үйлестірушінің ЖСН көрсетіледі; 5 жолда волонтерлік қызметтегі жұмыс тәжірибесі көрсетіледі; 6 жолда волонтерлік үйлестірушісі рөліндегі жұмыс тәжірибесі көрсетіледі; 7 жолда телефон, электрондық мекенжай, болған жағдайда: WEB-сайт, Instagram, WhatsApp көрсетіледі; 8 жолда ештеңе толтырылмайды; 8.1-8.13 жолдарда Сіз қазіргі уақытта қатысатын негізгі қызмет түрлерін таңдауыңыз қажет; 9 жолда Сіз үйлестіретін волонтерлер саны көрсетіледі. Волонтерлер ұйымдастырушының сауалнамасы келесідей толтырылады: 1 жолда ұйымдастырушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) көрсетіледі; 2 жолда ұйымдастырушының туған жылы көрсетіледі; 3 жолда ұйымдастырушының тұрғылықты жері көрсетіледі; 4 жолда ұйымдастырушының ЖСН көрсетіледі; 5 жолда ұйымдастырушы туралы ақпарат көрсетіледі (заңды тұлға үшін); 6 жолда ұйымның атауы көрсетіледі; 7 жолда тіркеу (қайта тіркеу) күні көрсетіледі; 8 жолда ұйымның БСН көрсетіледі; 9 жолда телефон, электрондық мекенжай, болған жағдайда: WEB-сайт, Instagram, WhatsApp көрсетіледі; 10 жолда ештеңе толтырылмайды; 10.1-10.13 жолдарда ұйымның негізгі қызмет түрлерін таңдау қажет. Волонтерлік бағдарлама (жоба) келесідей толтырылады: 1 жолда бағдарламаның (жобаның) атауы көрсетіледі; 2 жолда бағдарламаны (жобаны) ұйымдастырушы көрсетіледі; 3 жолда бағдарламаның (жобаның) мақсаты көрсетіледі; 4 жолда бағдарламаның (жобаның) негізгі міндеттері көрсетіледі; 5 жолда бағдарламаны (жобаны) іске асыру әдістері көрсетіледі; 6 жолда бағдарламаның (жобаның) күтілетін нәтижелері көрсетіледі; 7 жолда бағдарламаның (жобаның) атаулы тобы көрсетіледі; 8 жолда бағдарламаға (жобаға) қатысушылар саны көрсетіледі; 9 жолда бағдарламаны (жобаны) іске асыру мерзімдері көрсетіледі; 10 жолда бағдарламаны (жобаны) өткізу орны мен уақыты көрсетіледі; 11 жолда бағдарламаны (жобаны) ұйымдастырушылар тарапынан бағдарламаны (жобаны) өткізуге қойылатын талаптар көрсетіледі; 12 жолда волонтерге, волонтерлер тобына, үйлестірушіге ұсынылатын жұмыс көрсетіледі. Волонтерлік акциясы келесідей толтырылады: 1 жолда атауы көрсетіледі; 2 жолда ұйымдастырушы көрсетіледі; 3 жолда мақсаты көрсетіледі; 4 жолда негізгі міндеттері көрсетіледі; 5 жолда күтілетін нәтижелері көрсетіледі; 6 жолда нысаналы топ көрсетіледі; 7 жолда қатысушы волонтерлер саны көрсетіледі; 8 жолда өткізу күні мен уақыты көрсетіледі; 9 жолда өткізу орны көрсетіледі; 10 жолда ұйымдастырушы тарапынан өткізуге қойылатын талаптар көрсетіледі; 11 жолда ұзақтығы/кезеңділігі көрсетіледі; 12 жолда волонтерге, волонтерлер тобына, үйлестірушіге ұсынылатын жұмыс көрсетіледі.