О признании утратившим силу решения акима Курмангазинского района от 31 июля 2025 года № 16 «Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба на территории Курмангазинского района» Қолданыста
Басқа 0
Құрманғазы ауданы әкімінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 16 «Құрманғазы ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Құрманғазы ауданы әкімінің 2025 жылғы 31 шілдедегі № 16 «Құрманғазы ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Негіз: Құрманғазы ауданының прокурорының 2025 жылғы 3 желтоқсандағы № 2-05-25-00891 наразылығы, Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2026 жылғы 18 наурыздағы шешімі.
Тармақ 2
2. «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілердің эталондық банкке ұсынуды;
Тармақша 2
2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оның Құрманғазы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.