О внесении изменения в решение акима Московского сельского округа от 31 октября 2025 года № 6 «Об установлении товариществу с ограниченной ответственностью «Uplink» публичного сервитута на земельный участок» Қолданыста
Басқа 0
Мәскеу ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 6 «Uplink» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай ауданы Мәскеу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мәскеу ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 31 қазандағы № 6 «Uplink» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Uplink" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне аумақта орналасқан ауданы 2,9321 гектар бөлінбейтін жер учаскесіне шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Московское ауылы ТОБЖ жобалау және төсеу үшін».
Тармақ 2
2. "Uplink" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімнің көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде жіберу;
Тармақша 2
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қостанай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.