О внесении изменений и дополнений в постановление акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 31 марта 2025 года № 82 «Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Отдел сельского хозяйства и ветеринарии акимата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2025 жылғы 31 наурызындағы № 82 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 82 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Заңында, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген Бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.»; 12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Егер Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппаратына Қазақстан Республикасының заңдарымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.»; 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2 тарау. бөлімнің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері»; 15-тармақтың 23) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «23) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттік қызмет көрсету;»; 15-тармақ мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын: «24) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен бірге болуға тыйым салынған орындарды айқындау, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтау;»; 15-тармақ мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын: «25) жануарларды жаңа иелеріне беруге, жоғалған жануарлардың иелерін іздестіруге, сондай-ақ үй жануарларын зарарсыздандыру қажеттілігі туралы хабардар етуге бағытталған жануарларға арналған баспаналардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және әлеуметтік жарнаманы ұйымдастыру;»; 15 тармақ мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын: «26) қаңғыбас жануарлардың санын реттеуді ұйымдастыру.».
Тармақ 2
2. «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 2
2) осы қаулыны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы әділет органдарын хабардар етуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.