Об утверждении стандарта бухгалтерского учета 31 "Чистый доход (убыток) за период, существенные ошибки и изменения в учетной политике" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
31 "Есеп саясатындағы елеулі қателер мен өзгерістер кезеңі үшін таза кіріс (шығын)" бухгалтерлік есеп стандартын бекіту туралы Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2007.06.21. N 217 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Бухгалтерлік есептің нормативтік базасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 31 "Есеп саясатындағы елеулі қателер мен өзгерістер кезеңі үшін таза кіріс (шығын)" бухгалтерлік есеп стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы бірінші вице-министрі Б.Б.Жәмішевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. 31 "ЕСЕП САЯСАТЫНДАҒЫ ЕЛЕУЛІ ҚАТЕЛЕР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР КЕЗЕҢІ ҮШІН ТАЗА КІРІС НЕМЕСЕ ШЫҒЫН" БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП СТАНДАРТЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 27 қаңтардағы N№25 бұйрығымен бекітілген 31 "ЕСЕП САЯСАТЫНДАҒЫ ЕЛЕУЛІ ҚАТЕЛЕР МЕН ӨЗГЕРІСТЕР КЕЗЕҢІ ҮШІН ТАЗА КІРІС НЕМЕСЕ ШЫҒЫН" БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП СТАНДАРТЫ
Бөлім 1. 1-бөлім. Мақсаты және қолданылу аясы
1-бөлім. Мақсаты және қолданылу аясы
Тармақ 1
1. Осы стандарттың мақсаты кірістер және шығыстар туралы есептің сыныпталуын анықтаудан, анықталған баптарын ашып көрсетуге қойылатын талаптарды және есеп тәртібін белгілеуден тұрады. Осы талап әртүрлі есептік кезеңдерге арналған ұйымның қаржы есептілігі мен әртүрлі ұйымдардың қаржы есептерінің салыстырмалығын қамтамасыз етуге жол береді.
Тармақ 2
2. Осы стандартты қызметін реттеу мен қадағалау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне жүктелген ұйымдарды қоспағанда, ұйымдардың барлық түрлері әдеттегі қызметтен түскен кірістер немесе шығыстар туралы, сондай-ақ кірістер және шығыстар туралы есептегі төтенше жағдайлардың нәтижелері туралы ақпараттарды беру кезінде, есеп саясатындағы елеулі қателерді және өзгерістерді есептік бағалаудағы өзгерістерді есепке алу кезінде қолдануы қажет. Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2005 жылғы 18 ақпандағы N 54 бұйрығымен .
Тармақ 3
3. Осы стандарт өзгелердің ішінде кезең үшін таза кіріс және шығындардың анықталған баптары туралы ақпаратты ашып көрсету мәселесін қарайды. Бұл ақпарат барлық қалған, талап етілген басқа да бухгалтерлік есеп стандарттарға (бұдан әрі - БЕС).
Тармақ 4
4. Төтенше оқиғалар нәтижелерінің, есеп саясатындағы елеулі қателердің және өзгерістердің салық салдары 11 "Корпоративтік табыс салығының есебі" Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N№3 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 30 желтоқсан N№239 тіркелген) БЕС-на сәйкес ескеріледі және ашылып көрсетіледі.
Бөлім 2. 2-бөлім. Айқындамалар
2-бөлім. Айқындамалар
Тармақ 5
5. Төтенше оқиғалардың нәтижелері - бұл жеке немесе қайталанатын пайда болу бұған байланысты күтілмейтін ұйымның кәдімгі қызметінен ерекшеленетін оқиғалар немесе операциялар нәтижесінде пайда болған кірістер немесе шығыстар.
Тармақ 6
6. Кәдімгі қызмет - бұл оның қызметінің құрамды бөлігі түрінде ұйым жүзеге асыратын, сондай-ақ оның жалғасы болып табылатын және оған қатысы бар болатын немесе одан пайда болатын қызмет онымен байланысты кез-келген қызмет.
Тармақ 7
7. Елеулі қателер - бір немесе одан артық неғұрлым алдыңғы кезеңдерге арналған қаржы есептілігі оны берген сәтке сенімді болып есептелмейтін мұндай мәнді қателердің ағымдағы кезеңде анықталғандары.
Тармақ 8
8. Есеп саясаты - Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржы есептілігі туралы заңнамаларының талаптарына, ұйымның сұранысын және оның қызмет ерекшелігін ескеріп, бухгалтерлік есеп стандарттарына және бухгалтерлік шоттардың үлгілік жоспарына сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржы есептілігін жасау үшін ұйымдар қабылдаған принциптер, негіздер, ережелер және тәжірибелер.
Бөлім 3. 3-бөлім. Есептік кезең үшін таза кіріс немесе шығын
3-бөлім. Есептік кезең үшін таза кіріс немесе шығын
Тармақ 9
9. Егер өзгелей талап етілмесе немесе БЕС рұқсат етілмесе, есептік кезеңде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптары есептік кезеңнің таза кірісі немесе шығыны есебіне енгізілуі қажет.
Тармақ 10
10. Әдетте, есепті кезеңде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптары есепті кезеңнің таза кірісі немесе шығыны есебіне енгізілуге жатады. Олар есептік бағалаудағы төтенше оқиғаларын және өзгерістердің нәтижелерін қамтиды. Дегенмен, анықталған шарттарда кейбір баптар ағымдағы кезең кірісі немесе шығысынан шығарылып тасталуы мүмкін. Нақты стандарт мынадай екі шартты қарастырады: есептік саясаттағы елеулі қателіктерді және өзгерістердің салдарын түзету.
Тармақ 11
11. Басқа БЕС қаржы есептілігін дайындау және беру үшін тұжырымдамалық негіздерде келтірілген кірістер мен шығыстар айқындамаларына жауап бере алатын баптарға қатысты, дегенмен, әдетте таза кіріс немесе шығын есебінен алынып тасталады. Осындай баптардың үлгісі ұйымның шетелдік бөлімшелерінің қаржы есептілігін қайта есептеуге байланысты туындаған негізгі қаражатты, кірістерді және шығыстарды қайта бағалау сомасы болып табылады.
Тармақ 12
12. Кезең үшін таза кіріс немесе шығын әрқайсысы кірістер және шығыстар туралы есепте тікелей ашып көрсетілетін мынадай компоненттерден тұрады:
Тармақша 1
1) кәдімгі қызметтен түскен кіріс (шығын);
Тармақша 2
2) төтенше оқиғалардың нәтижелері.
Тарау 1. 1-тарау. Төтенше оқиғалардың нәтижелері
1-тарау. Төтенше оқиғалардың нәтижелері
Тармақ 13
13. Әрбір төтенше бап нәтижесінің сипаты мен шамасын бөлек ашып көрсету қажет.
Тармақ 14
14. Ұйымның кәдімгі қызметінен пайда болған оқиғалардың немесе операциялардың айырмашылық фактісі әдетте ұйым жүзеге асыратын, ал ұқсас оқиғалар және операциялар пайда болуы болжанатын тұрақты емес қызметке қатысты осы оқиғаның немесе операцияның сипатымен анықталады. Осылайша, оқиға немесе операция бір ұйым үшін төтенше болуы мүмкін, бірақ олардың кәдімгі қызметінің түрлері арасындағы айырмашылықтар үшін басқаға мұндай болмауы қажет. Мысалы, жер сілкіну нәтижесінде келген шығындар көптеген ұйымдар үшін төтенше оқиға ретінде сыныпталуы мүмкін. Дегенмен, жер сілкінісіне байланысты сақтандырылған клиенттерден түскен талаптар осындай қатер түрін сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшін төтенше оқиғалар нәтижелері ретінде сыныпталмайды.
Тармақ 15
15. Көптеген ұйымдар үшін төтенше оқиғалардың пайда болуына әкелетін оқиғалар немесе операциялар:
Тармақша 1
1) активтердің экспроприациясы;
Тармақша 2
2) жер сілкінісі немесе табиғаттың басқа да апаттары болып табылады.
Тармақ 16
16. Әрбір төтенше баптың сипаты мен шамасын ашып көрсету кірістер және шығыстар туралы есепте не түсіндірме жазбада ашып көрсетілуі мүмкін. Егер тиісінше ашып көрсету түсіндірме жазбада келтірілсе, онда кірістер және шығыстар туралы есепте барлық төтенше баптардың жалпы сомасы беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Кәдімгі қызметтен түскен кіріс немесе шығын
2-тарау. Кәдімгі қызметтен түскен кіріс немесе шығын
Тармақ 17
17. Егер есептік кәдімгі қызметтен түскен кіріске немесе шығынға қатысты кірістердің немесе шығыстардың өзінің мөлшері, сипаты немесе ықпалы бойынша олардың ашылымы кезең үшін ұйым қызметінің нәтижелерін түсіндіру үшін мәнді болса, онда мұндай баптардың сипаты және шамасы бөлек көрсетілуі қажет. Әдетте, ұқсас ақпараттың ашылуы түсіндірме жазба жүргізіледі.
Тармақ 18
18. Кірістер және шығыстардың баптары 17-тармаққа сәйкес бөлек ашылатын шарттар мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) өткізудің таза мүмкін құнына дейінгі тауарлық-материалдық құнды, ал өткізу құнына дейінгі негізгі құралдарды есептен шығару, сондай-ақ осы есептен шығарғандарды қалпына келтіру;
Тармақша 2
2) ұйымның қызметін қайта құрылымдау және қайта құрылымдау бойынша шығындарға кез-келген резервтерді қалпына келтіру;
Тармақша 3
3) негізгі құралдар объектілерінің істен шығуы;
Тармақша 4
4) ұзақ мерзімді инвестициялардың істен шығуы;
Тармақша 5
5) тоқтатылған қызмет;
Тармақша 6
6) өзгелей резервтерді қалпына келтіру.
Тарау 3. 3-тарау. Есептік бағалаудағы өзгерістер
3-тарау. Есептік бағалаудағы өзгерістер
Тармақ 19
19. Кәсіпкерлік қызметке тән тұрлаусыздық нәтижесінде көптеген қаржы есептері дәл есептелмеуі мүмкін, ал тек бағалануы мүмкін. Бағалау процесі соңғы қол жетімді ақпараттың өзіне негізделетін пайымдаумен түсініледі. Бағалау қажет болуы мүмкін, мысалы, үмітсіз талаптар, тауарлық-материалдық қорлардың, пайдалы қызметтің мерзімі немесе амортизацияланатын активтерден түскен экономикалық пайда алудың күтілген сызбасының ескіруі. Негізделген бағалауды пайдалану қаржы есептілігін дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады және оның сенімділігіне әсер етпейді.
Тармақ 20
20. Егер бағалау негізделген жағдайға ауыстырылса, ол қайта қаралуы мүмкін. Сондай-ақ бұл жаңа ақпараттың пайда болуы, тәжірибенің жинақталуы немесе кейінгі оқиғалар нәтижесінде болуы мүмкін. Өзінің сипаты бойынша бағалауды қайта қарауға төтенше оқиғалар немесе елеулі қателіктер нәтижелері айқындамаларында түзету жүргізілмейді.
Тармақ 21
21. Кей-кездері есеп саясатындағы өзгерістер мен есептік бағалаулардағы өзгерістер арасында айырмашылықтар жүргізу қиын. Мұндай жағдайларда өзгеріс ақпараттың тиісінше ашылуына есептік бағалауға өзгеріс ретінде түсіндіріледі.
Тармақ 22
22. Есептік бағалаудағы өзгерістің нәтижесі таза табысты немесе шығынды анықтаған кезде:
Тармақша 1
1) өзгеріс болған кезеңде, егер ол осы есепті кезеңге ғана әсер ететін болса;
Тармақша 2
2) өзгеріс болған кезеңде және болашақ кезеңдерде, егер ол өзгеріс болған кезеңге де және болашақ кезеңге де әсер ететін болса енгізілуі тиіс.
Тармақ 23
23. Есептік бағалаудағы өзгеріс ағымдағы кезеңге немесе ағымдағы және болашақ кезеңдерге ғана әсер етуі мүмкін. Мысалы, үмітсіз талаптар сомасының бағалауды өзгерту ағымдағы кезеңге әсер етеді және тез арада танылады. Алайда пайдалы қызметтің немесе амортизацияланатын активтен түскен экономикалық пайда алудың ұйғарылып отырған схемасының мерзімін өзгерту ағымдағы кезеңде және активтің пайдалы қызметінің қалған мерзімінің әрбір соңғы кезеңінде амортизацияланған шығыстарға әсер етеді. Екі жағдайда да ағымдағы жылға қатысты өзгерістер ағымдағы кезеңдегі кіріс немесе шығыс түрінде танылады. Болашақ кезеңдерге әсер ету, егер ол болса, тиісінше болашақ кезеңдерде танылады.
Тармақ 24
24. Есептік бағалаулар өзгерістерінің нәтижелері көрсетілген бағалаулар бұрын ескерілген кірістер мен шығыстар туралы есептің сол сыныптамалық баптарына қосылуы тиіс.
Тармақ 25
25. Әртүрлі кезеңдердегі қаржылық есептердің салыстырмалылығын қамтамасыз ету үшін кәдуілгі қызметтен кірісте және шығындарда олар үшін бұрын ескерілген есептілік бағалаулардағы өзгерістердің нәтижелері таза кірістің (шығынның) сол элементтерінің құрамына енгізіледі. Олар үшін төтенше оқиғалардың нәтижелері түрінде бұрын ескерілген есептік бағалаулар өзгерістерінің нәтижесі төтенше оқиғалардың нәтижесі ретінде ұсынылады.
Тармақ 26
26. Есепті кезеңде елеулі әсер ететін немесе елеулі әсер келесі кезеңдерде күтілетін есептік бағалаулардағы өзгерістердің сипаты мен мөлшері ашылуы тиіс. Егер есептік бағалаулар өзгерістерінің мөлшерін бағалауды жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін болмаса, ол туралы ақпарат ашуға жатады.
Бөлім 4. 4-бөлім. Елеулі қателіктер
4-бөлім. Елеулі қателіктер
Тармақ 27
27. Бір немесе бірнеше алдағы кезеңдердің қаржылық есептерін дайындаған кездегі қателер есепті кезеңде табылуы мүмкін. Математикалық қате есептеулердің, есеп саясатын қолданған кездегі қателіктердің нәтижесінде, сондай-ақ ақпаратты бұрмалаудың немесе салақтығының нәтижесінде болуы мүмкін. Осындай қателіктерді түзету әдетте есепті кезең үшін таза кірісті немесе шығынды есептеген кезде ескеріледі.
Тармақ 28
28. Сирек жағдайларда қателік бір немесе бірнеше кезеңдердегі қаржылық есептерге оларды беру күніне сенімді болып саналмайтындай елеулі әсер етеді. Осы қателіктер елеулі деп аталады. Елеулі қателікке мысал заңды күші жоқ фальсификацияланған шарттар бойынша аяқталмаған өндірістің немесе дебиторлық берешектің елеулі сомасының алдағы кезеңдегі қаржылық есептерін қосу болып табылады. Алдағы кезеңдерге қатысты елеулі қателіктерді түзету салыстырмалы ақпаратты жаңартуды немесе қосымша болжамдық ақпаратты ұсынуды талап етеді.
Тармақ 29
29. Елеулі қателіктерді түзету мен есептік бағалаулар өзгерістерінің арасындағы айырмашылық жүргізілуі мүмкін. Есептік бағалаулар өз сипаты бойынша қосымша ақпараттың түсуіне қарай қайта қарауды мұқтаждық ететін жуық мәні болып табылады. Мысалы, бұрын сенімді болып бағаланбаған төтенше оқиғалардың нәтижелері бойынша танылған кірістер немесе шығындар елеулі қателікті түзетуді білдірмейді.
Тарау 4. 4-тарау. Негізгі көзқарас
4-тарау. Негізгі көзқарас
Тармақ 30
30. Алдағы кезеңдердің қаржылық есептерін жасаған кезде жіберілген елеулі қателіктерді түзету сомасы бөлінбеген кірістің бастапқы сальдосын түзету жолымен берілуі тиіс. Салыстырмалы ақпарат, егер ол қажет болса жаңартылуы тиіс.
Тармақ 31
31. Алдағы кезеңдер үшін салыстырмалы ақпаратты қоса алғанда қаржылық есептер егер елеулі қателік ол жасалған кезеңде түзетілгендей болып берілуі тиіс. Сондықтан да салыстырмалы ақпаратта берілген кезеңдердің әрқайсысына қатысты түзету сомасы тиісті кезеңнің кірісіне немесе шығынына қосылады. Егер түзету қаржылық есептердегі салыстырмалы ақпаратқа берілген алдағы кезеңдерге қатысты болса, салыстырмалы ақпаратты түзету көлеміне ең алғашқы берілген кезеңдердің бөлінбеген кірісінің бастапқы сальдосы түзетіледі. Қаржылық ақпараттың ретроспективтік жиынтықтары сияқты алдағы кезеңдердің кез келген басқа ақпараты сол сияқты қайта есептеледі.
Тармақ 32
32. Салыстырмалы ақпаратты қайта есептеу оларды акционерлер және қатысушылармен бекіткен қаржылық есептердің түзетуіне келтіру міндетті емес.
Тармақ 33
33. Ұйым мынадай ақпаратты ашуы тиіс:
Тармақша 1
1) елеулі ақпараттың сипатын;
Тармақша 2
2) есепті кезең үшін және әрбір берілген алдағы кезең үшін түзету сомасын;
Тармақша 3
3) салыстырмалы ақпаратқа енгізілгеннің алдындағы кезеңге қатысты түзету сомасын;
Тармақша 4
4) салыстырмалы ақпаратты қайта беру фактісін немесе осындай берудің іс жүзінде бере алмау фактісін.
Тарау 5. 5-тарау. Жол баламалы көзқарас
5-тарау. Жол баламалы көзқарас
Тармақ 34
34. Елеулі қателіктерді түзету сомасы алдағы кезең үшін таза кірісті немесе шығынды есептеген кезде ескерілуі тиіс. Салыстырмалы ақпарат ол алдағы кезеңнің қаржылық есептерінде ұсынылғандай түрде ұсынылуы тиіс. 30-тармаққа сәйкес дайындалған қосымша болжамдық ақпарат егер ол іс жүзінде жүзеге асырылатындай болса берілуі тиіс.
Тармақ 35
35. Қосымша болжамдық ақпаратты беру елеулі қателік жасалған кезеңде түзетілгендей болса есепті кезеңнің немесе кез келген басқа да ұсынылған кезеңдердің таза кірісін немесе шығынын көрсету үшін жеке баған түрінде жүзеге асырылады.
Тармақ 36
36. Ұйым мынадай ақпаратты ашуы тиіс:
Тармақша 1
1) елеулі қателіктің сипатын;
Тармақша 2
2) есепті кезеңнің таза кірісінде немесе шығынында аталынған сомасын; болжамдық ақпарат ұсынылған әрбір кезеңде енгізілген түзету сомасын және болжамдық ақпаратқа енгізілген алдағы кезеңдерге қатысты түзету сомасын. Егер болжамдық ақпаратты ашу іс жүзінде мүмкін болып табылмаса, ол факт ашылуы тиіс.
Бөлім 5. 5-бөлім. Есеп саясатындағы өзгерістер
5-бөлім. Есеп саясатындағы өзгерістер
Тармақ 37
37. Пайдаланушылар оның қаржылық жағдайындағы, оның қызметінің нәтижелеріндегі және ақша ағынындағы үрдістерді анықтау үшін белгілі бір уақыт аралығында ұйымның қаржылық есептілігін салыстыру мүмкіндігі болуы тиіс. Осылайша, әрбір кезеңде әдетте бір есеп саясаты қолданылады.
Тармақ 38
38. Есеп саясаты мынадай жағдайларда ғана өзгерілуі тиіс:
Тармақша 1
1) ол заңнамаға, оның ішінде бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес талап етілсе;
Тармақша 2
2) осы өзгеріс ұйымның қаржылық есептілігінде оқиғалар мен операцияларды неғұрлым шынайы беруге әкеліп соқтырса.
Тармақ 40
40. Қаржылық есептерде оқиғалар мен операцияларды көрсету сапасын жақсарту қызметтің қаржылық жағдайы мен нәтижелері немесе ұйым ақшасының ағындары туралы неғұрлым орынды және сенімді ақпаратты беруге әкеп соқтырады.
Тармақ 41
41. Мынадай әрекеттер есеп саясатындағы өзгерістер болып табылады:
Тармақша 1
1) бұрын болған оқиғалар мен операциялардан тікелей айрықшаланатын оқиғалар мен операциялар үшін есеп саясатын қабылдау.
Тармақша 2
2) бұрын болмаған немесе елеусіз болған оқиғалар немесе операциялар үшін жаңа есеп саясатын қабылдау. Активтерді қайта бағалаудың саясатымен бастапқы қабылдау есеп саясатын өзгерту болып табылады, бірақ осы Стандартқа сәйкес емес 6 "Негізгі қаражатты есепке алу" БЕС-қа Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы N№3 қаулысымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 30 желтоқсан N№239 тіркелген) немесе 28 "Материалдық емес активтерді есепке алу" БЕС-қа Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаментінің 1999 жылғы 10 қыркүйектегі N№490 бұйрықпен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 1999 жылғы 18 қазанда N№935 тіркелген) сәйкес қайта бағалау түрінде қаралады. Сондықтан да осы стандарттың 46 және 50-тармақтары есеп саясатының осындай өзгерістеріне қолданылмайды.
Тармақ 42
42. Осы стандартқа сәйкес есеп саясатындағы өзгеріс өткенді шолумен немесе перспективалық қолданылады. Өткенді шолу көзқарасы бұл жаңа саясат әрқашан пайдаланылса деген оймен жаңа есеп саясатын оқиғалар мен операцияларға қолдануға бағытталған. Сондықтан мұндай есеп саясаты оқиғалар мен операцияларға осындай баптар пайда болған сәттен бастап қолданылады. Перспективалық көзқарас жаңа есеп саясаты өзгерту күнінен кейінгі болған оқиғалар мен мәмілелерге қолданылады дегенді білдіреді. Алдағы кезеңдерге қатысты есеп кезеңінің басындағы бөлінбеген кірістің сальдосы болсын немесе таза кіріс немесе шоттардың сальдосы қайта есептелмейтіндігіне байланысты есепті кезеңдегі шығын болсын ешқандай түзетулер жүргізілмейді. Жаңа есеп саясаты өзгерістер енгізген күннен бастап қолданыстағы сальдоға қолданылады.
Тарау 6. 6-тарау. Бухгалтерлік есептің стандартын бекіту
6-тарау. Бухгалтерлік есептің стандартын бекіту
Тармақ 43
43. БЕС-ті қабылдаған кезде болатын есеп саясатындағы өзгеріс егер мұндайлар тиісті БЕС-те көзделсе, арнайы ауыспалы ұсыныстарға сәйкес ескерілуі тиіс. Ауыспалы өзгерістер болмаған кезде есеп саясатын өзгерту 45, 48 және 49-тармақтарда айтылған есеп саясатындағы өзге де өзгерістерді көрсету кезінде немесе 50, 52 және 53-тармақтарда айтылған есеп саясатының өзге де өзгерістерін көрсету кезінде негізгі көзқарастарға сәйкес қолданылуы тиіс.
Тармақ 44
44. БЕС-тегі ауыспалы жағдайлар есеп саясатының өткенді шолу немесе перспективалық өзгерістерін қолдануды талап ете алады.
Тарау 7. 7-тарау. Есеп саясатындағы өзге де өзгерістер - негізгі көзқарас
7-тарау. Есеп саясатындағы өзге де өзгерістер - негізгі көзқарас
Тармақ 45
45. Есеп саясатына өзгеріс егер алдағы кезеңге жататын кез келген қорытынды түзетудің сомасы жеткілікті дәрежеде анықтауға берілетін болса, өткенді шола отырып, қолданылуы тиіс. Кез келген алынған түзету кірістер мен шығыстар туралы есепте есеп кезеңінің басындағы бөлінбеген кірістің сальдосын түзету ретінде берілуі тиіс. Салыстырмалы ақпарат егер бұл іс жүзінде жүзеге асырылса қайта есептелуі тиіс.
Тармақ 46
46. Алдағы кезеңдегі салыстырмалы ақпаратты қоса алғанда қаржылық есептер егер жаңа есеп саясаты әрқашан пайдаланылатын болса, беріледі. Осылайша, салыстырмалы ақпарат жаңа есеп саясатын көрсету мақсатында қайта есептеледі. Түзету қаржы есептеріне енгізілгеннен алдыңғы кезеңдерге жатқызылған жағдайда оның шамасына салыстырмалы ақпаратта ұсынылған кезеңдердің ең ертесінің басындағы бөлінбеген кірістің сальдосы түзетіледі. Қаржылық ақпараттың тарихи жинақтары сияқты алдағы кезеңдерге қатысты кез келген басқа ақпарат та қайта есептеледі.
Тармақ 47
47. Салыстырмалы ақпаратты қайта есептеу акционерлер бекіткен немесе уәкілетті орган тіркеген және ескерген қаржылық есептерді түзетуге әкеп соқтыруы мүлде міндетті емес. Алайда бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамада осы қаржылық есептерге өзгерістер енгізу талаптары белгіленген.
Тармақ 48
48. Есеп саясатындағы өзгеріс 45-тармаққа сәйкес талап етілетін есеп кезеңінің басындағы бөлінбеген кірістің сальдосын түзету сомасы негізгі анықталмаған жағдайда перспективалық қолданылуы тиіс.
Тармақ 49
49. Есеп саясатындағы өзгеріс есепті немесе ұсынылған алдағы кез келген кезеңдерге елеулі әсер етсе немесе алдағы кезеңдерге елеулі әсері болса ұйым мынадай ақпаратты:
Тармақша 1
1) өзгерістердің себептерін;
Тармақша 2
2) есепті кезеңдегі және әрбір ұсынылған алдағы кезеңдегі түзетулердің сомасын;
Тармақша 3
3) салыстырмалы ақпаратқа енгізілгеннен алдыңғы кезеңдерге жататын түзетудің сомасын;
Тармақша 4
4) салыстырмалы ақпарат қайта есептелген немесе мұны жасауға іс жүзінде мүмкіндік болмаған фактісін ашуы тиіс.
Тарау 8. 8-тарау. Есеп саясатының өзге де өзгерістері - жол берілетін баламалы көзқарас
8-тарау. Есеп саясатының өзге де өзгерістері - жол берілетін баламалы көзқарас
Тармақ 50
50. Есеп саясатындағы өзгеріс егер алдағы кезеңдерге жатқызылатын кез келген қорытынды түзетудің сомасы жеткілікті деңгейде анықтауға берілген жағдайда көзбен шола отырып қолданылуы тиіс. Алынған кез келген түзету ағымдағы кезеңдегі таза кірісті немесе шығынды анықтауға енгізілуі тиіс. Салыстырмалы ақпарат алдағы кезеңнің қаржылық есептерінде берілгендей табыс етілуі тиіс. Қосымша болжамды салыстырмалы ақпарат егер бұл іс жүзінде жүзеге асырылса, 45-тармаққа сәйкес берілуі тиіс.
Тармақ 51
51. Есеп саясатындағы өзгерістерден туындаған түзетулер кезеңдегі таза кірістің немесе шығынның есебіне енгізіледі. Қосымша болжамды ақпаратты беру егер жаңа есеп саясаты әрқашан қолданылса есеп кезеңінің және кез келген басқа берілген кезеңдердің таза кірісі мен шығынын көрсету үшін жеке бағандар түрінде жүзеге асырылады.
Тармақ 52
52. Есеп саясатындағы өзгеріс 50-тармақтың талабына сәйкес есепті кезеңде таза кіріске немесе шығынға енгізуге жататын сома негізді анықталмаған жағдайда перспективалық қолданылуы тиіс.
Тармақ 53
53. Есеп саясатындағы өзгеріс есепті немесе ұсынылған алдағы кез келген кезеңдерге елеулі әсер етсе немесе алдағы кезеңдерге елеулі әсері болса ұйым мынадай сәттерді:
Тармақша 1
1) өзгерістердің себептерін;
Тармақша 2
2) ағымдағы кезеңдегі таза кірісте немесе шығында танылған түзетулердің сомасын;
Тармақша 3
3) ол үшін қосымша болжамды ақпарат берілген әрбір кезеңге енгізілген түзетулердің сомасын және қаржылық есептерге енгізілгеннен алдыңғы кезеңдерге жататын түзетулердің сомасын ашуы тиіс. Егер қосымша болжамды ақпаратты беру іс жүзінде жүзеге асырылмаса, бұл факті ашылуы тиіс.