О приостановлении действия части четвертой пункта 32 Правил осуществления деятельности организаторов торгов с ценными бумагами, утвержденных постановлением Национальной комиссии Республики Казахстан по ценным бумагам от 23 декабря 1998 года N 19 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысымен бекiтiлген Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидалары 32-тармағының төртiншi бөлiгiн қолдануды тоқтата тұру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 25.06.2007 N 175 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
"Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысымен бекiтiлген Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидаларының 32-тармағы төртiншi бөлiгiнiң талаптарын жою туралы 2000 жылғы 18 қаңтардағы N 10008/52 хатын қарай келiп, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 4-тармағы 3) тармақшасының негiзiнде Ұлттық комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 23 желтоқсандағы N 19 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 17 наурызда 707 нөмiрмен тiркелген Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру қағидалары 32-тармағының төртiншi бөлiгiн қолдану 2001 жылғы 01 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын ("Рынок және құқық". "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналына қосымша, 1999 ж., N 3(4), 7-13-беттер, N 7(8), 4-5-беттер, N 9(11), 12-бет).
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Ұлттың комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның, бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегi мiндеттi жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң назарына жеткiзсiн.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар рыногында брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын және "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның мүшелерi болып табылмайтын ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.