О внесении дополнения в решение 33 сессии Осакаровского районного маслихата от 30 июля 2010 года № 255 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Осакаровского района" Қолданыста
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 30 шілдедегі "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 255 шешіміне толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі 33 сессиясының "Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 255 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-15-127 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қыркүйектегі "Сельский труженик" газетінің N 39 (7211) санында жарияланған), келесі толықтыру енгізілсін:
Тармақша 1
1) Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету туралы Ережесінің преамбуласында (әрі қарай – Ереже) мемлекеттік тілде "Осакаров ауданының" деген сөзінен соң "аз қамтылған" деген сөзімен толықтырылсын;
Ереженің орыс тіліндегі преамбуласында "порядок предоставления" деген сөзінен соң "малообеспеченному" деген сөзімен толықтырылсын;
Тармақша 2
2) Ереженің мемлекеттік тілінде 1 пунктте "Тұрғын үй көмегі келесі" деген сөзінен соң "аз қамтылған" деген сөзімен толықтырылсын;
Ереженің орыс тілінде 1 пунктте "Жилищная помощь предоставляется" деген сөзінен соң "малообеспеченным" деген сөзімен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықтың әлеуметтік қорғауы мен әлеуметтік - мәдени дамуы бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы - Врона Елена Марьяновна).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Келісілді:
Мемлекеттік мекеме
"Осакаров ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің" бастығы
Н. Плотникова