О внесении изменений и дополнений в решение 35 сессии Темиртауского городского маслихата от 24 декабря 2014 года № 35/5 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Темиртау и поселка Актау» Күшін жойған
Басқа 0
Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының № 35/5 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның
мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің
мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы 35 сессиясының № 35/5 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2938 болып тіркелген, 2015 жылдың 3 ақпанында «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, 2015 жылдың 4 ақпанында № 3 «Вести Темиртау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Теміртау қаласы мен Ақтау кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
Тармақша 1
1) 2-тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«9) уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
Тармақша 2
2) 6-тармақ келесі мазмұндағы 1-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«1-1) 15 ақпан - Ауғаныстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерінің шектеулі контингентін шығару күні;»;
Тармақша 3
3) 8-тармақ келесі мазмұндағы 7-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«7-1) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар көп балалы отбасы;»;
Тармақша 4
4) 15-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.