Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан в Хромтауском районе к 35–летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына орай Хромтау ауданының мұқтаж азаматтарының санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығаруының 35-жылдығына (15 ақпан 2024 жыл) орай Хромтау ауданында тiркелген және тұрақты тұратын келесі санаттағы азаматтарға 50 (елу) мың теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін:
Тармақша 1
1) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;
Тармақша 2
2) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
Тармақша 3
3) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;
Тармақша 4
4) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлеріне;
Тармақша 5
5) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне;
Тармақша 6
6) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
Тармақша 7
7) 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен алушылардан өтініштер талап етілмей «Азаматтарға арналға үкімет» Мемлекеттік корпарациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалының тізімдеріне сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Хромтау ауданының жергілікті бюджеті қаржыландыру көзі болып анықталсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.