Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об оказании дополнительной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан города Астаны к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығаруының 35 жылдығына орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 150/19-VIII
- Қабылданған күні
- 07.03.2024
- Көрсетілген редакция
- 07.03.2024 194541_769978.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.03.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24AAZ13720
- ЭКБ идентификаторы
- 194541
- Редакция идентификаторы
- 194541_769978
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 12:46
0 Астана қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығаруының 35 жылдығына орай қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 2), 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне және Ауғанстанда әскери қызмет өткеру кезінде алған жаралану, контузия, мертігу немесе ауыру салдарынан мүгедектігі анықталған әскери қызметшілерге кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығаруының 35 жылдығына орай (2024 жылғы 15 ақпан) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.