Об установлении размера дополнительной социальной помощи отдельным категориям граждан Каракиянского района к 35-летию вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Қарақия ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығаруының 35-жылдығына Қарақия ауданы азаматтарының келесі жекелеген санаттарына 50 (елу) мың теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек белгіленсін:
Тармақша 1
1) Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына;
Тармақша 2
2) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Ауғанстан аумағында уақытша болған және кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің құрамына енбеген жұмысшылар мен қызметшiлеріне;
Тармақша 3
3) 1979 жылғы 1 желтоқсан – 1989 жылғы желтоқсан аралығындағы кезеңде Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлеріне.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек алушылардан өтініштері талап етілмей, бір рет көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» «Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі