О внесении изменений в решение 36 очередной сессии районного маслихата № 36/362 от 21 декабря 2006 года «О размерах ставок на отдельные виды налогов» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 36 кезекті сессиясының «Салықтың жекелеген түрлеріне арналған ставкалардың мөлшері туралы» № 36/362 шешіміне өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы № 137 «Қазақстан Республикасында өндірілетін және Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін, Қазақстан Республикасы аумағында сатылатын акцизделетін тауарларға және құмар ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы» Қаулысын басшылыққа алып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылғы 3 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу № 8-9-25, «Абай-Ақиқат» аудандық газетінің 2007 жылғы 20 қаңтардағы № 3 (3649) жарияланған, аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 36 кезекті сессиясының «Салықтың жекелеген түрлеріне арналған ставкалар мөлшері туралы» № 36/362 шешіміне өзгертулер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1 қосымшада «2007 жылға арналған Абай ауданының базарларындағы бір жолдық талондар құны және эпизодтық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері», 3 қатарда «Абай қаласының жеке кәсіпкері Каменовтың базары» «өндірістік» - «сату орны» - «9,1» саны «15,2» санына ауыстырысын және «азық-түліктік» - «сату орны» - «13,3 » саны «16,0» санына ауыстырысын.
Тармақша 2
2) 5 қосымшада «Абай ауданының елді мекендерінде орналасқан, бір салық салу объектісінен алынатын сыртқы (көзбен шолу) жарнаманы орналастыру үшін 2007 жылғы арналған ставкалар төлемдері», 3 бағанда «Бекітіген айлық есептік көрсеткішінен тиісті жылға пайызға алғандағы ставка төлемдері» сөйлемі «Бекітіген айлық есептік көрсеткішінен тиісті жылға бір айдағы ставка төлемдері» сөйлеміне ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді. «КЕЛІСІЛДІ» Абай ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ. Алин 15.03.07 ж.
Басқа 1. 2007 жылға арналған Абай ауданының базарларындағы бір жолдық талондар құны және эпизодтық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 15 наурыздағы 38 кезекті сессиясының № 38/387 шешіміне 1 қосымша 2007 жылға арналған Абай ауданының базарларындағы бір жолдық талондар құны және эпизодтық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері р/с Базар атауы Мамандандыру Сауда орнының түрі Айлық есептік көрсеткіштен пайызбен алғанда бір күнге бір жолғы талон құны 1 Жеке кәсіпкер базары Тәшімов Абай қаласы өндірістік сату орны 15,2 азық -түліктік ет сату орны 22,1 сату орны 16,0 сүт сату орны 5,7 қолдан сату орны 3,7 саяжайдан сату 1,5 2 «Мәдина 2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, базар өндірістік сату орны 15,2 азық- түліктік ет сату орны 22,1 сату орны 16,0 машинадан 68,1 дүңгіршектен сату 22,7 сүт сату 5,7 қолдан сату 3,7 саяжайдан сату 1,5 3 Жеке кәсіпкер базары Каменов, Абай қаласы өндірістік сату орны 15,2 азық- түліктік сату орны 16,0 ет сату орны 22,1 4 «Асен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, базар Топар кенті өндірістік сату орны 9,1 азық- түліктік сату орны 13.3 машинадан 68,1 саяжайдан сату 1,5 5 Жеке кәсіпкер базары Әбілғазин, Топар кенті азық- түліктік ет сату орны 22,1
Басқа 5. Абай ауданының елді мекендерінде орналасқан, бір салық салу объектісінен алынатын сыртқы (көзбен шолу) жарнаманы орналастыру үшін 2007 жылға арналған ставкалар төлемдері
Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 15 наурыздағы 38 кезекті сессиясының № 38/387 шешіміне 5 қосымша Абай ауданының елді мекендерінде орналасқан, бір салық салу объектісінен алынатын сыртқы (көзбен шолу) жарнаманы орналастыру үшін 2007 жылға арналған ставкалар төлемдері № Сыртқы жарнама объектісінің атауы Бекітілген айлық есептік көрсеткішінен тиісті жылға бір айдағы ставка төлемдері 1 5 кв. метрге дейінгі сыртқы жарнаманың объектісі (жер бетінде, қабырғаларға, шатырларға және электр бағандарына орналастырылған) 0,5 2 Көлемдік сыртқы жарнама 5-тен 10 кв.м -ге дейін (жер бетінде, қабырғаларға, шатырларға орналастырылған) 1 3 Дүңгіршектердегі, уақытша үлгіде жасалған павильондардағы және шағын сәулеттік құрылыстардағы жарнамалар 0,5