Об утверждении Перечня товаров, получение резидентами от нерезидентов платежей по экспорту которых подлежит лицензированию в случае, если срок между датой экспорта товаров и получением экспортной выручки превышает 365 дней Күшін жойған
Басқа 0
Резиденттердiң резидент еместерден экспорт бойынша төлемдер алуы, егер тауар экспортталған күн мен экспорттық түсiмдi алу арасындағы мерзiм 365 күннен асып кеткен жағдайда лицензиялауға жататын тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы
" Лицензиялау туралы " және " Валюталық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Резиденттердiң резидент еместерден экспорт бойынша төлемдер алуы, егер тауар экспортталған күн мен экспорттық түсiмдi алу арасындағы мерзiм 365 күннен асып кеткен жағдайда лицензиялауға жататын тауарлардың тiзбесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Басқа 0. Резиденттердiң резидент еместерден экспорт бойынша төлемдер алуы, егер тауар экспортталған күн мен экспорттық түсiмдi алу арасындағы мерзiм 365 күннен асып кеткен жағдайда лицензиялауға жататын тауарлардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2003 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1350 қаулысымен
бекiтiлген
Резиденттердiң резидент еместерден экспорт бойынша төлемдер алуы, егер тауар экспортталған күн мен экспорттық түсiмдi алу арасындағы мерзiм 365 күннен асып кеткен жағдайда лицензиялауға жататын тауарлардың тiзбесi
_________________________________________________________________
Р/с СЭҚ ТН коды Атауы
N
_________________________________________________________________
1. 2844 Химиялық радиоактивтi элементтер мен
радиоактивтi изотоптар (бөлiнгiш
және өнгiш химиялық элементтер мен
изотоптарды қоса алғанда) және
олардың қосылыстары; осы өнiмдерден
тұратын қоспалар мен қалдықтар
2. 84 Ядролық реакторлар, қазандар,
жабдықтар және механикалық
құрылғылар; олардың бөлшектерi
3. 85 Электрлi машиналар мен жабдықтар,
олардың бөлшектерi; дыбыс жазғыш
және дыбыс шығарғыш аппаратура,
теледидардың бейнесi мен
дыбысын жазуға және дыбысын шығаруға
арналған аппаратура, олардың
бөлшектерi мен керек-жарақтары
4. 87 Темiр жол немесе трамвай жылжымалы
құрамынан басқа, жердегi көлiк
құралдары және олардың бөлшектерi
мен кeрек-жарақтары
5. 88 Ұшу аппараттары, ғарыштық аппараттар
және олардың бөлшектерi
6. 89 Кемелер, қайықтар және жүзетiн
конструкциялар
7. 90 Оптикалық, фотосуреттiк,
кинематографиялық, өлшеу, бақылау,
дәлме-дәл, медициналық немесе
хирургиялық құралдар мен аппараттар;
олардың бөлшектерi мен
керек-жарақтары