О внесении изменения в решение 39 сессии Саранского городского маслихата от 23 декабря 2014 года № 405 «Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества поселка Актас Карагандинской области» Күшін жойған
Басқа 0
Саран қалалық мәслихатының 2014
жылғы 23 желтоқсандағы 39 сессиясының
№ 405 «Қарағанды облысы Ақтас
кентінің бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізу
қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Саран қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Саран қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы 39 сессиясының № 405 «Қарағанды облысы Ақтас кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2946 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 4 ақпанда жарияланған, 2016 жылғы 6 ақпандағы № 6 «Саран газеті» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
11 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«11. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны «Ақтас кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне береді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қарағанды облысы
Ақтас кентінің әкімі
___________ Қ. Сүлейменов. «22» желтоқсан 2016 жыл