О внесении изменения в решение 4 сессии районного маслихата от 18 мая 2016 года № 55 «Об оказании социальной помощи на возмещение затрат на обучение на дому детей – инвалидов» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 18 мамырдағы 4 сессиясының № 55 «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарына сәйкес Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 18 мамырдағы 4 сессиясының № 55 «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3844 болып тіркелген, «Сельский труженик» газетінде 2016 жылғы 18 маусымда № 24 (7508), «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 маусымда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын: «1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр мүгедек балаға ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына (В.В.Бережной) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.