О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 1997 года N 1680 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1680 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.04.29. N 343 қаулысымен. "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: "Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1680 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 52, 478-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі туралы ережеге: 3-тармақта: төртінші азатжолдағы "Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары" деген сөздер алынып тасталсын; бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші азатжолдар мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның палаталарының нормативтік қаулылары; Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары; Ұлттық Банктің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, орталық атқарушы органдардың азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын немесе ведомствоаралық сипаты бар нормативтік құқықтық актілері;" 4-тармақтың екінші азатжолында: "енгізілгеннен кейін бес күн ішінде" деген сөздер алынып тасталсын; "және орыс тілдерінде" деген сөздерден кейін "қағаз және электрондық сақтаушыларда" деген сөздермен толықтырылсын.