О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 1997 года № 927 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы № 927 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.01.1999 № 68 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының қаражатынан жаңа
жұмыс орындарын құруды және жеке кәсiпкерлiктi дамытуды қолдаудың
тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 маусымдағы N 927 қаулысына мынадай өзгерiстер
енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген Ережедегi:
5-тармақтағы "республикалық комиссияда" деген сөздер "Қор
басқармасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы "республикалық комиссияда" деген сөздер "Қор
басқармасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
7, 8, 9-тармақтар алынып тасталсын;
10-28-тармақтар тиiсiнше 7-25-тармақтар болып есептелсiн.