О признании утратившими силу постановлений Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 1998 года N 840 и от 7 апреля 2000 года N 520 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 840 және 2000 жылғы 7 сәуірдегі N 520 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 840 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 30, 266-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 840 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 сәуірдегі N 457 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 140-құжат);
Тармақша 3
3) "Заңды (мемлекеттік кәсіпорындардан, мемлекеттік мекемелерден және коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалардың өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету белгілерінде, тауарлық таңбаларында "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген (толық, сондай-ақ олардан туындайтын кез келген басқа да) сөздерді пайдаланғаны үшін алым есептеудің және төлеуінің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 сәуірдегі N 520 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 18, 194-құжат).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өздерінің бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерін 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағынан басқасы, осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.