О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 1998 года № 1242 Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы N 1242 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы N 1242 P981242_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 45, 409-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: аталған қаулымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ережеде: кіріспесіндегі және 22-тармақтағы "мемлекеттік жұмыспен қамту қызметіне", "Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің" деген сөздер тиісінше "Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға", "Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің жолдамасы бойынша" деген сөздер алынып тасталсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган заңдарда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған мемлекеттік тапсырысты ұйымдарға шарттық негізде орналастырады"; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "6. Жергілікті атқарушы органдар ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі шараларды қамтитын жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларын әзірлейді және бекітеді"; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "9. Азаматтарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады"; 12-тармақтың екінші абзацындағы "міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру" деген сөздер алынып тасталсын; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "13. Материалдық жәрдем көрсетілген, қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздарға жұмыс басталған күннен бастап материалдық жәрдем төлеу тоқтатылады"; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "14. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру осы жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдардың қаражаты есебінен және еңбекақы төлеуге жұмсалатын шығынды ішінара өтеу мемлекеттік бюджеттен жүргізіледі"; 15-тармақта "бағдарламаларында" деген сөз "ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларында" деген сөздермен ауыстырылсын; 17-тармақта: "Мемлекеттік жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының" деген сөздер "жергілікті бюджеттің" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қолы бос халық үшін еңбекке ақы төлеу жұмыс беруші қаражатының немесе жергілікті бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі" деген сөйлем алынып тасталсын; 18-тармақ алынып тасталсын. 21-тармақта: "Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырған кезде:" деген сөздер "Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) орталық атқарушы органға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың атқарылғандығы туралы есеп береді;";
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.