О внесении изменений в Приказ председателя Комитета по государственному контролю над производством и оборотом алкогольной продукции от 4 июня 1998 года № 4 "Об утверждении Правил и условий проведения конкурсов на размещение объемов (квот) импорта этилового спирта и алкогольной продукции (кроме пива)" Күшін жойған
Басқа 0
"Этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты көлемін (квотасын) орналастыруға конкурстар өткізудің тәртібі мен шарттарын бекіту туралы" Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі Комитет төрағасының 1998 жылғы 4 маусымдағы N 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 2 тамыздағы бұйрығымен.
Этил спирті мен алкоголь өнімдері айналымына мемлекеттік бақылауды күшейту мақсатында, этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты көлемін (квотасын) орналастыруға конкурстар өткізуді ұйымдастыру және ары қарай тәртібін жетілдіру мен этил спирті мен алкоголь өнімі импортшыларының ынтасын қорғау мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты көлемін (квотасын) орналастыруға конкурстар өткізудің тәртібі мен шарттарын бекіту туралы" Алкоголь өнімін өндіру және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі Комитет төрағасының 1998 жылғы 4 маусымдағы N 4 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, этил спирті мен алкоголь өнімі (сырадан басқа) импорты көлемін (квотасын) орналастыруға конкурстар өткізудің тәртібі мен шарттарына:
Тармақша 1
1) 14 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"Этил спирті мен алкоголь өнімінің (сырадан басқа) импорты көлемін (квотасын) конкурс бойынша орналастыру комиссиясы Комитеттің қарауымен өткізіледі, бірақ, тоқсандықта бір реттен кем емес.";
Тармақша 2
2) 20 тармақтың 3 тармақшасындағы "тоқсандық" сөзі "бөлінген" сөзімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.