О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 1998 года № 840 «Об утверждении Правил о порядке уплаты и ставках сборов за право реализации товаров (работ, услуг) на рынках Республики Казахстан» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарлар /жұмыс, қызметтерді/ сату құқы үшін Төлемдер тәртібі және жиналымдар ставкасы туралы ережені бекіту жөніндегі» № 840 қаулысын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 04.12.2000 № 228 шешімімен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарлар /жұмыс, қызметтерді/ сату құқы үшін Төлемдер тәртібі және жиналымдар ставкасы туралы ережені бекіту жөніндегі № 840 Қаулысын жүзеге асыру және рыноктарда тауарлар сату құқы үшін бюджетке жиналымдардың түсуін тәртіпке келтіру мақсаттарында облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 840 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының рыноктарында тауарлар /жұмыс, қызметтерді/ сату құқы үшін Төлемдер тәртібі жене жиналымдар ставкасы туралы ереже Қазақстан Республикасының рыноктарындағы тауарлар /жұмыс қызметтерді/ сату құқы үшін жиналымдар ставкасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі № 840 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 1999 жылғы 22 сәуірдегі № 457 қаулысына енгізілген өзгерістерді ескерумен орындауға қабылдансын.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 31.05.1999 № 107 шешімімен
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудан әкімдеріне:
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің 1995 жылғы 18 қыркүйектегі № 181-п бұйрығымен бекітілген рыноктардағы сауда ережелеріне және оларға деген санитарлық талаптарға сәйкес рыноктар санаты белгіленсін;
көлемі аталмыш қаулымен айқындалғаннан жоғары емес тауарларды /жұмыс, қызметтерді/ қалалардың, аудандардың рыноктарында сату құқы үшін жиналымдар ставкасының көлемін анықтау құқы берілсін;
рыноктарда меншік нысаңдарына қарамастан тауарларды /жұмыс, қызметтерді/ сату құқы үшін жиналымдар алу толық көлемде қамтамасыз етілсін;
фискальді зердесі бар бақылау-кассалық аппаратын пайдаланбай жиналымдар алуға тиым салынсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетіне /Ашуов Қ.З./ жүктелсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің 1998 жылғы 3 ақпандағы рыноктарда тауарлар сату құқы үшін жиналымдар туралы" № 26 шешімі күшін жойды деп танылсын.