О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 сентября 1998 года № 840 Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 840 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.12.20. N 1665 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 қыркүйектегі N 840 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 30, 266-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) атауындағы және мәтініндегі "(жұмыстарды, қызмет көрсетулерді)" деген сөздер алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кіріс министрлігіне жүктелсін";
Тармақша 3
3) көрсетілген қаулымен бекітілетін Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшін ақы төлеудің тәртібі мен алымдардың ставкалары туралы ережеде: 4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының базарларында тауарлар сату құқығы үшін алым, базарда орналастырылған сауда нүктелерінің санына қарамастан, ондағы орналасқан алаңның әр шаршы метрі (бұдан әрі - базар алаңы) үшін күн сайын төленеді. Алымның ставкасы базар алаңының бір шаршы метрі есебімен белгіленеді. Төлеушінің қалауы бойынша алымақы 1 күннен 30 күнге дейінгі мерзімге төленуі мүмкін. Бұл орайда алымның сомасы күндердің санына бара-бар ұлғайтылады."; 6 және 7-тармақтар алынып тасталсын;
Тармақша 4. Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшін алымның ставкалары
4) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшін алымның ставкалары мынадай редакцияда жазылсын: Қазақстан Республикасының базарларында тауарларды сату құқығы үшін алымның ставкалары әр күн үшін базар алаңының бір шаршы метрі есебімен теңгемен ____________________________________________________________________ |Базардың | Базардың санаты | |мамандануы | | |___________________|________________________________________________| | | I | II | III | |___________________|__________________|______________|______________| |Азық-түлік | 24 | 20 | 16 | |___________________|__________________|______________|______________| |Заттар | 20 | 18 | 14 | |___________________|__________________|______________|______________| |Автомобиль | 16 | 14 | 12 | |___________________|__________________|______________|______________| |Мал және жем-шөп | 14 | 12 | 10 | |___________________|__________________|______________|______________|
Тармақ 2
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап 10 күннен кейін күшіне енеді.