О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 мая 1999 года № 528 Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 528 қаулысына толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.25. N 832 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімі бойынша облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері бекітетін Жергілікті бюджеттердің кредиторлық берешегін өтеудің ережесі шеңберінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша, жинақталған кредиторлық берешекті өтеу бөлігінде, жергілікті бюджеттердің толық атқарылуы үшін жағдайларды қамтамасыз етудің қажеттігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімділігін қамтамасыз етудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 528 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 17, 175-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімділігін қамтамасыз етудің тәртібінде: 2-тармақ "кіріс бөлігінен" деген сөздерден кейін "олармен келісілген" деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ "күннің қорытындылары бойынша" деген сөздерден кейін "107101 "Берешектің түсуі" коды бойынша кірістерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.