О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2000 года N 353 и от 17 марта 2000 года N 412 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2000 жылғы 4 наурыздағы N 353 және 2000 жылғы 17 наурыздағы N 412 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Заттай нысанда роялти төлеу туралы және ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 4 наурыздағы N 353 қаулысына: кірiспе "көктемгi дала" деген сөздерден кейiн "және егiн жинау" деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттардағы құзыреттi орган ретiнде Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегі агенттiгi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп: Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес көмiрсутектi шикiзатты жер қойнауын пайдаланушылардың роялти есептеу кезiнде, жер қойнауын пайдаланушылардың төлейтiн роялти есебiне шикi мұнай көлемiн "Мұнай-Импекс" ЭИФ" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне (бұдан әрi - Мұнай-Импекс) берудi қамтамасыз етсiн; жер қойнауын пайдаланушылармен келiсiм бойынша Қосымша келiсiмдерде жер қойнауын пайдаланушылардың роялти төлеу есебiне шикi мұнай көлемiн беруге белгiленген келiсiм-шарттағы мерзiмдерден ерекше, неғұрлым ерте мерзiмдердi белгiлесiн"; мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлеудi бүкiл жыл бойына заттай нысанда жүргiзсiн."; 2-тармақтағы: "БДБ" деген сөз алынып тасталсын; 1)-тармақшадағы "Қосымша келiсiмнiң ережелерiне сәйкес" деген сөздер "кейiн олардың сатылуымен" деген сөздермен ауыстырылсын. 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгі заңнамада белгiленген тәртiппен Мұнай-Импекстiң бюджетке ақшалай түрде роялти төлемiнiң мерзiмiн 2000 жылғы 1 қарашаға дейiн ұзартуға рұқсат берсiн"; 1) және 2)-тармақшалардағы "БДБ" деген сөз алынып тасталсын; 5-тармақтың 1)-тармақшасындағы "көктемгi дала" деген сөздер "Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне жанар-жағармай материалдарын сатудың бағаларын айқындауға арналған ведомствоаралық комиссиямен келiсiм бойынша көктемгi дала және егiн жинау жұмыстарының" деген сөздермен ауыстырылсын; Мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: "5-1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегі агенттiгі жер қойнауын пайдаланушылар роялти төлемiнiң есебiне төлейтін шикi мұнай көлемiн сатуы кезiнде "Мұнай-Импекс" ЭИФ" ЖШС үшiн мұнай тасымалдауға арналған iшкi тарифтердi қолданатын болсын.";
Тармақша 2
2) "Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушілерiн жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 наурыздағы N 412 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 16, 159-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне жанар-жағармай сатудың ережелерiне: 1, 7-тармақтардағы "көктемгi дала" деген сөздерден кейiн "және егiн жинау" деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі Мұнай және газ өнеркәсiбi бас диспетчерлiк басқармасы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - БДБ) мен" деген сөздер алынып тасталсын; 8 және 9-тармақтардағы "БДБ" сөз алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне жанар-жағармай сатудың бағасын айқындауға арналған ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 1-тармағындағы "көктемгi дала" деген сөздерден кейiн "және егiн жинау" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: "4-1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бекiтетiн жанар-жағармай материалдарының жоғарғы лимиттерi көлемдерiн келiсу."; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне жанар-жағармай материалдарын сатудың бағаларын айқындауға арналған Ведомствоаралық комиссиясының құрамына мыналар енгiзiлсiн: Шырдабаев - Қазақстан Республикасы Энергетика, Жексен Мағауияұлы индустрия және сауда министрлiгi Мұнай және газ департаментiнiң директоры Қасымов Борис - "Қазагро" Қазақстан республикалық Ибрагимұлы фермерлер қауымдастығының президентi; көрсетiлген құрамнан Айдар Сағадатұлы Демеуов шығарылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.