О решении акима области «О пособиях на детей-инвалидов, воспитывающихся и обучающихся на дому» от 4 февраля 2000 года № 345 Қолданыста
Басқа 0
Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы туралы облыс Әкімінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 345 шешімі туралы
Облыстық мәслихаттың III сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
«Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы туралы» облыс әкімінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 345 шешімі бекітілсін (жалғанды).
Басқа 1
Үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы туралы.
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» заңы мен Қазақстан Үкіметінің 1999 жылғы 22 шілдедегі № 1036 «Әлеуметтік әдістік жәрдем берудің уақытша ережесін бекіту туралы» қаулысын орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Мүгедек балаларды үйінде тәрбиелеуге және оқытуға берілетін жәрдемақы 2000 жылы айына 1740 теңге мөлшерінде тағайындалып, ай сайын өткен ай үшін облыстық бюджет қаржысы есебінен төленіп отырылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Қайрешев С.М.) үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалардың жәрдемақысын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 наурыздағы № 382 және 1998 жылғы 7 сәуірдегі 292 қаулыларына сәйкес тағайындап төлеуді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық қаржы басқармасы (Әбдіқадырова А.Н.) үйінде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалардың жәрдемақысын облыстық бюджетте 2000 жылға осы мақсатқа қаралған қаржылар шегінде уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Т.К.Мұрсалиеваға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.