О внесении изменения в приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 4 июня 2001 года N 422 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2001 жылғы 4 маусымдағы N 422 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Ғылыми қызметкерлердің құқықтарын іске асыру және республиканың кадрлық әлеуетін нығайту мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. "Ғылыми дәрежелер беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2001 жылғы 4 маусымдағы N 422 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелер беру ережелерінің 43-тармағындағы:
"сондай-ақ шетелде диссертация қорғауға ЖАҚ рұқсатын алмаған ізденушілердің құжаттары" деген сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Жоғары аттестациялық комитет (А.Қ. Құсайынов) жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді осы бұйрыққа сәйкес келтірсін.
Тармақ 3
3. Құқықтық қамтамасыз ету және аудит басқармасы (М.М. Күзембаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау бірінші вице-министр Ғ.М. Мұтановқа жүктелсін.
Министр