О внесении дополнения в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 4 декабря 2002 года N 133 "Об утверждении Правил предоставления заверенной копии грузовой таможенной декларации", зарегистрированный в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 14 января 2003 года N 2118 Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 14 қаңтарда N 2118 болып тіркелген "Жүк кедендік декларацияның куәландырылған көшірмесін ұсынудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 133 бұйрығына толықтыру енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының м.а. 2004 жылғы 27 мамырдағы N 240 бұйрығымен. Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне және "Кеден органдарының жанама салықтарды есептеуге әсер ететін мәліметтерді мәлімдеу ережесін біріздендіру туралы" Кеден одағына қатысушы мемлекеттер кеден қызметтерінің басшылары кеңесінің 2001 жылғы 6 шілдедегі N 111 шешіміне сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың жеткізілуін бақылау мақсатында бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 14 қаңтарда N 2118 болып тіркелген "Жүк кедендік декларацияның куәландырылған көшірмесін ұсынудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 133 бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жүк кедендік декларациялардың куәландырылған көшірмесін ұсынудың ережесінде: 10-тармақта "Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу орнына" деген сөздерден кейін "егер олар бұрын кедендік құнға енгізілмеген болса" деген сөздермен толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының орынбасары С.Ж.Мулкинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.